ДИКТОР: Зеренді балық тәлімбағы Астанаға арнайы техниканың көмегімен мыңдаған амур балығының шабағын жөнелтті. Шара биологиялық әртүрлілікті жақсарту және су экожүйесінің тұрақтылығын сақтау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.

РКС: Амур балығы түрлі жағдайларға тез бейімделеді. Бұл балықтың ерекшелігі судағы балдырлармен жақсы күреседі. Ол су қоймаларындағы балдырлардың мөлшерін айтарлықтай азайтады, артық өсімдіктерді жеп, су астындағы тазалыққа септігін тигізеді.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ҚАРАБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЕСІЛ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақ амур балықтарының шабақтарын тиеп жатырмыз. Олардың саны 250 мың дана. Астана қаласындағы Есіл өзеніне жібереміз. Есілде балық өте көп, негізінен сазан, көксерке, алабұғы тағы басқаралары бар. Енді мемлекеттік тапсырыс бойынша амур балығын жөнелтпекпіз.

РЗК: Зеренді балық тәлімбағында тұқы мен ақ балық тұқымдасы өсірілетін балықтарға арналған екі цех бар. Кәсіпорында балық уылдырықтары жыл сайын көктемде арнайы инкубаторларға орналастырылады. Мұнда олардың өсуіне тамаша жағдай жасалған. Оған жауапты қызметкерлер өсу процесін бақылайды. Ол судың температурасы, оттегінің сапасы және тамақтануын қарайды. Уылдырықтар бірте-бірте шабаққа айналады, кейін өсіп үлкен балық болады.

СНХ: КСЕНИЯ БАЛМАҒАМБЕТОВА, ЗЕРЕНДІ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қараша айынан сәуірге дейін уылдырықтар, шабақтарды өсіру жүргізіледі. Мамыр айында дайын болады. Біздің табиғат пайдаланушылары оны Ақмола облысының көлдеріне құяды. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарынан балық өсіру үшін бізге арнайы келеді.

РЗК: Инкубациялық цех осы айда тағы 250 мың тұқы балығының шабағын тасымалдаған. Осылайша Есіл өзені 500 мың балықпен толығады. 1962 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында 24 маман жұмыс істейді, олардың кейбірінің 30 жылдан аса еңбек өтілі бар.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ