ДИКТОР: Щучинск қаласындағы 7-ші мектеп-гимназиясының 10-шы сынып оқушысы Сұлухан Амангелді заманауи құрылғылармен жабдықталатын ақылды аялдама ойлап тапты.

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ:

РКС: Онда сенсорлы автобустар картасы, GPS құрылғылар, онлайн кітаптар жинақталған жүйе мен бейнекамералар қойылған. Іші қыста жылы. Жазда автоматтандырылған желдеткіш жұмыс істесе, түнгі уақытта жарық қосылады. Қоғамдық көліктердің бағыты мен келу уақыты, ауа райы, даладағы ауаның ылғалдылығы туралы да толық ақпарат көрсетілген.

СНХ: СҰЛУХАН АМАНГЕЛДІ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Үлкен адамдар осындай бағдарламаларды қолдана алмайды.Сондықтан, осындай сенсорлы экран өте тиімді жоба деп санаймын.

РКС: Сұлухан Амангелдінің бұл жобасы күн сайын қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр болатын жолаушылар үшін пайдалы болмақ. Ақылды аялдамада мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай қарастырылған.

СНХ: СҰЛУХАН АМАНГЕЛДІ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Шрифт Брайль және осындай пандус. Ереже бойынша осы пандус сол жақта, есіктің қасында болуы керек. Бірақ, менің жобамда осы пандус көрінуі үшін алдыға қойған болатынмын. Осындай аялдамалар Сингапурда, Нидерландыда, США-да бар.

РКС: Сұлухан мен жетекшісі бір аялдаманы толық жабдықтау үшін шығындалатын соманы да шамамен есептеп қойыпты. 1,5 миллион теңгедей қаржы қажет. Оқушының бұл жобасын жергілікті әкімдік те қолдап отыр.

СНХ:АЛТЫНБЕК ОМАРОВ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрине, қалада көп аялдамалар ескіріп кеткен. Енді жаңасын қою керек. Біз осы жобаны көрдік. Ол аялдама бізге өте ұнады. Енді біз осы қалаға бір жерге қоюға тырысамыз жылы аялдаманы.

РКС: Курортты аймақ үшін дәл осындай заманауи аялдамалар ауадай қажет. Бұл да инфрақұрылымның бір түріне жатады. Туристер жыл бойы үздіксіз келеді. Сондықтан, оларды барынша көбірек тарту үшін талғам мен эстетикаға ерекше мән берілуі шарт.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ