ДИКТОР: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Мақановтар әулеті 60 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. Әдетте мұндай әулеттер табиғатты қорғауда қызмет етудің, білім мен дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің ұзақ тарихымен сипатталады. Орманшылар экожүйелерді басқаруда, сирек кездесетін жануарлардың түрлерін қорғауда және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

РКС: Облыс аумағында орманшылар династиясы көп. Олар ұрпақтар сабақтастығына ұласқан деуге болады. Өмірін орман шаруашылығымен байланыстырған Қойбағар Мақановтан тараған әулет соның айқын үлгісі. Олардың отбасы осы жұмысты 1964 жылы бастаған екен. Зейнет демалысына шыққанға дейін Мақановтар әулетінің ең үлкені табан аудармастан 30 жыл орман шаруашылығында еңбек етті.

СНХ: ЕРМЕК МАҚАНОВ, ОРМАНШЫ ӘУЛЕТІНІҢ ҮШІНШІ ҰРПАҒЫ: Әкем 1979 жылы жұмысқа орналасқан. Ол 22 жыл орман шаруашылығында жұмыс істеп, денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан. Мен, кейін Берік інім де жұмысты Көкшеуда бастап, ұлттық паркке жұмысқа орманды қорғау инженері лауазымына шақырылған. Қазір ол бас директордың орынбасары болып жұмыс істеп жүр. Ең кіші інім Азамат бізде орманшы болып, қазір мастер болып жұмыс істеп жүр. Сөйтіп атамнан тараған әкем, біз үш ағайынды да орман шаруашылығында жұмыс істеп келеміз.

РКС: Кейіпкеріміз Ермек Мақанов та атасынан алған білімін өз жұмысында қолданып жүр. Көкшетау қаласында біраз жыл еңбек етіп, кейін туған ауылына қайта оралған. Соңғы екі жыл бойы Ермек «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Шалқар филиалында орманшы болып жұмыс істеп келеді.

СНХ: ЕРМЕК МАҚАНОВ, ОРМАНШЫ ӘУЛЕТІНІҢ ҮШІНШІ ҰРПАҒЫ: Өз еліме қайтып шаңырағын көтеріп жатырмын. Бұрын атам салған ағаш үйде тұрып жатырмыз. Ағаш орманды күзетіп, бала кезінде атамның қасында жүріп, үйренгенбіз, көргенбіз. Соны енді жалғастырып жатырмыз. 2 жыл болды осында жұмыс істеп келгенімізге. Зейнетке шыққанша аман болсақ, жұмыс істей береміз. Одан кейін кішкентайларымызды көреміз. Мүмкін жалғастырар.

РКС: Осындай адамдардың қажырлы еңбегінің арқасында табиғат Анаға еш қауіп жоқ деп айтуға болады. Өйткені, табиғат пен жануарлар әлемі кәсіпқой мамандардың қолында.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ