ДИКТОР: Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Көмек қолын созу» акциясын өткізді. Аталған шара облыстың барлық ауданы мен қалаларында да ұйымдастырылды. Бір тәулік ішінде өңірдегі 30-дан астам әлеуметтік осал отбасы мен қарттарға арналған пансионат қамтылды. Әсіресе жеке тұрғын үй секторында жылу беру маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше басымдық беріліп отыр.

РКС: Құтқарушылар қарттар мен көпбалалы отбасылардың үйіне барып, пештің мұржаларын тазартты. Бұл өз кезегінде жылу беру маусымы кезінде өте маңызды. Сондай-ақ, аулаларды тазалап, отын дайындауға және шаруашылық жұмыстарына ат салысты.

СНХ: САЛТАНАТ АЛЕШКИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Жер үйде тұрамыз, 4 балам бар. Бүгін бізге пожар қызметкерлері келіп, датчик қойып жатырды. Келіп көмек қойылушыларды салып жатырды. Оларға менің алғысым шексіз. Датчик қойған кезде ол ұйықтап жатқанда бірдеме болып қалған жағдайда, өзіне сигнал береді екен. Сол жері жақсы екен еді. Кішкене қауіптен аярлап құласын. Көмір, ағаштарды келіп жинады. Рахмет қолдап осылай, көмек көрсетіп жатқандырыңызға.

РКС: Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көміртегі тотығы дабыл қаққыш орнатты. Айта кетейік, мұндай қондырғының 10 мыңға жуығы 2017 жылдан бері қолданылып келеді. Биыл тағы 9 мың түтінге бірден әрекет ететін дабыл қаққыш орнату жоспарланып отыр.

СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Бүгінгі күні біздің министрліктің көмек қолын созу акциясы аясында қазір әлеуметтік осал топтарға өрт дабылқаққыштарын орнатып жатырмыз, жылыту мұржаларын тазартып көмектесіп жатырмыз, одан басқа кішігірім күнделікті керек заттарды беріп жатырмыз. Одан басқа осы қарт адамдар бізге көмек қолын сұрап жатыр. Солардың көшелерінің аулаларын тазалап, жылыту маусымына дайындық мақсатында көмектесіп жатырмыз. Биылғы жылы бізде жылыту маусымы 1-ші қазаннан бастап басталды. Сол кезден бастап бізде 16 өрт тіркелді.

РКС: Құтқарушылармен бірге акцияға волонтерлер мен әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты. Сондай-ақ күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік тағамдарының жиынтығы да тарту етілді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ