ДИКТОР: Красный Яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша педагогтар арасында алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр. Оған еліміздің 16 өңірінен техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 36 оқытушысы қатысуда.

РКС: Бұл шара ең алдымен арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған. Байқау барысында қатысушылар 3 құзыреттілік бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын, дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Өндірістік оқытушылар арасындағы мұндай байқаулар жас мамандар үшін үлкен талпыныс пен уәж, – екенін атап өтті оқыту шеберлері.

СНХ: ТОҚТАҒҰЛ ТӨЛЕНДИЕВ-, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ): Жамбыл облысының атынан конкурстан өтіп, осы республикалық бірінші ауыл шаруашылығы мамандар сайысына келіп тұрмыз. Конкурс жақсы дәрежеде өтіп жатыр. Қазақстанның барлық өңірлерінен келіп, әріптестерімізбен танысып бір-бірімізден тәжірибе алмасып жатырмыз. Болашақта енді президентіміздің жолдауы бойынша 2025 жылы жұмысшы жылы ғой, соған орай әр облыста осындай конкурс өткізіп, кейінгі жастарды осындай соңғы үлгідегі техникаларды басқарып, қызмет көрсетуге шақырамын.

РКС: Өндірістік оқыту шеберлерімен бірге байқауға конкурстық комиссияның құрамына кіретін компатриот-сарапшылар келді. Бұл - жетекші педагогтар, кәсіби байқаулардың жеңімпаздары, облыстық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері. Қатысушылар арасында ерлермен қатар күрделі техникалық тапсырмаларды сәтті орындайтын нәзік жандылардың өкілдері де бар екенін ерекше атап өткен жөн.

СНХ: МЕРУЕРТ ТІЛЕГЕНОВА, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ (АТЫРАУ ОБЛЫСЫ): Тракторлар мен автомобильдің құрылысы және ауыл шаруашылық машиналарының теориясынан сабақ беремін. Жасап жатқаныма 7 жыл болды. Мен өзім Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірдім. Жалпы мамандық таңдау барысында қиындықтар болды. Бірақ жасауға тырыстым, орындадым. Ешкандай қиындық көрген жоқпын. Дайындалсаң, өзіңнің мамандығыңды сүйсең, орындауға болады. Бұрын әкем менің механик болған. Соның қасында көп жүргендіктен, техниканың қыр-сырын меңгеруге қызуғышылық танытып, осы бағытқа оқуға түсіп, ары қарай жалғастырыа, ауылға колледжге кіріп сонда жасап жатырмын.

РКС: Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең белгілі болады. Мұндай шараны ұйымдастыру педагогтарды дайындаудың деңгейін арттыруға ықпал етеді, екіншіден ауыл шаруашылығы саласының мамандарын оқытуға да септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның аграрлық секторының дамуында маңызды роль атқарады, деп атап өтті қатысушылар.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ