ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары 30 жылдан бері алғаш рет сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Елдімекен жанынан су құбыры құрылысы жүргізілуде.

РКС: Су құбыры нысанының құрылысы қыркүйек айының басында басталған. Мердігер ұйым «АқНұр-Астана 2005» серіктестігі. Бүгінгі таңда ауылдағы әр үйге су құбыры мен тарату желілерін тартудың негізгі жұмысы аяқталды.

СНХ: МҰРАТ БЕКБОЛАТОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Құдық пен су сорғыш станциясын байланыстыратын магистральдық желі 3,5 шақырымды құрайды. Ауылдың өзінде 12 шақырым құбыр және ауылішілік желілер тартылған. Құрылыс кезеңінде бізде барлық техника болды, соның ішінде 4 экскаватор жұмыс істеді. 50ге жуық адам жұмылдырылды.

СНХ: ӘУЕЗХАН ШОМАНОВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мердігер өте жақсы, бірігіп атқаратын 16 жоба дайын. Әлі 79 елді мекен бар, ол ауылдарды да таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз еткіміз келеді.

РКС: Сәкен Сейфуллин ауылында 100 түтін, 380 тұрғын бар. Орталықтандырылған ауыз суды ауыл тұрғындары көптен күткен.

СНХ: БҮРКІТБАЙ ҚАЛИЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су тартылу әрбір үйге, отбасына, үйлеріне кіргізіп беріп жатыр. Бұл суды біз 30 жыл күттік. Мұз ойып, атпен, шелекпен су тасып, сондай күндер өткіздік басымыздан. Өте қуаныштымыз.

РКС: Қазіргі уақытта сорғы станцияларының бірінде резервуар мен жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін абаттандыру жұмыстары атқарылады. Су құбырларын толықтай пайдалануға беру қазан айының соңына жоспарланып отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ