ДИКТОР: Кеңестер Одағының батыры Қарақозы Әбдуалиевты еске алуға арналған боксшылардың халықаралық турниріне алыс және жақын шетелдерден де былғары қолғаптың шеберлері жиналпып күш сынасты. Осынау байрақты бәсекеде жерлесіміз Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақта жеңіске жетіп төрешілер шешімі бойынша «Үздік боксшы» атанды. Сондай-ақ өңіріміздің тағы бір боксшысы Талғат Шәйкен өз салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

РКС: Оразбек Асылқұлов 10 жасында бокс залына иемене кіріп, аз уақытта бапкер Ерлан Ғазизовтың үміт күттіретін шәкіртіне айналды. Ол ақырын жүріп анық басты. Жаттығуды бір сәтке де босатпай, жеңістен жеңіске қол жеткізді. Шымкент шаршы алаңында жерлесіміз жасындай жарқырады.

СНХ: ЕРЛАН ҒАЗИЗОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Оразбектің бүгінгі спорттық биігі ынта жігері мен аянбай тер төгуінің арқасы. Ол табысқа кезең-кезеңімен жетіп келеді. Ұлттық құраманың сапында ел намысын қорғап жүргеніне де 7 жыл болды. Талай рет халықаралық турнирлердің чемпионы атанды. Негізгі қарсыласы 57 келіде олимпиадалық ойындарға қатысқан Махмұд Сабырхан. Шәкіртім оны Шымкентте өз шаршы алаңында таза ұпай санымен жеңді. Төрешілерге бұра тартуға еш мүмкіндік бермеді.

РКС: Шымкенттен «Үздік боксшы» атанып келген Оразбек Асылқұлов бірден жаттығуға кірісіп кетті. Оны алда талай жауапты жарыстар күтуде.

СНХ: ОРАЗБЕК АСЫЛҚҰЛОВ, БОКСТАН ҚР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Шымкентте өткен халықаралық турнирге бірнеше кезеңмен жан-жақты дайындық жасадық. Бапкерім Ерлан Кенжетайұлы негізгі қарсыласым Сабырхан Махмұдқа қарсы тактика қойып берді. Бірнеше жылдан бері әріптесімнің айлы тәсілдерін зерттеп жүрмін. Оны өз шаршы алаңымда қолдана білдім. Әлі де жалықпай жаттығып, ел құрамасының сапында спорттық биіктерге жетуге талпынамын.

STАND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Оразбектің алыстан сермей соғатын, қарсыласын күтіп алатын соққылары жеңіске жеткізді.

РКС: Облысымыздың намысын сан алуан жарыстарда лайықты қорғап жүрген Талғат Шайкен де Шымкентте өткен халықаралық турнирден құр қол қайтқан жоқ.

СНХ: ТАЛҒАТ ШӘЙКЕН, ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР: Бұл турниде менің бокстасатын 71келі салмақта мықтылар көп болды. Солардың бірнешеуін жеңіп, қола медаль еншіледім. Алда ұлттық құраманың сапында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жауапты жарыстарда сынға түсемін.

РКС: Соңғы жылдары Ақмола облысы боксшыларының жеңісті жолдары жалғасып келеді. Осы орайда бапкерлердің жаттығу жұмыстарын жүйеліжүргізіп жатқандығын атап өткен жөн.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ