ДИКТОР: Сәуір айында облыстық полиция департаментінің қыз¬мет¬керлері синтетикалық есірткі таратқан күдіктіні ұстады. 29 жастағы азамат әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен сөз байласып, заңсыз есірткі заттарын сақтап, қала аумағында сатқан.

ДИКТОР+ВИДЕО: Тексеру кезінде күдіктінің пәтерінің қуыс-қуысынан құрамында мефедроны бар есірткі затының 68 бумасы табылды. Ұнтақ түріндегі полиэтилен қалташаларға салынған есірткі заты сатып алушылар үшін жасырын жерлерге тарату мақсатында дайындалған. Тәркіленген есірткінің салмағы 86 грамнан асады. Сондай-ақ тәркіленген тыйым салынған заттармен қоса, арнаулы электронды таразы мен бумаға түйіншектейтін материалдар да табылды. Күдікті мұндай заңсыз әрекетке қаржының тапшылығынан барғанын айтып ақталды. Бірақ, өзінің де есірткіге тәуелді екені арнайы жүргізілген сараптама кезінде анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

СНХ: ДАРХАН БЕЙІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 387, 390, 393, 395, 398, 401-ші баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-тармағының 1,3,5 бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.