ДИКТОР: Облыстық көпсалалы ауруханасының онкологиялық қызметі негізінде ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті дамыту мәселелері мен перспективаларына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Өмірбек Байкеновтың 90 жылдығына орайластырылған. Ол кезінде Қазақстанда медицинаның дамуына және денсаулық сақтауды ұйымдастыруға зор үлес қосты.

РКС: Конференция барысында онкологиялық ауруларды диагноздау мен емдеуді жақсартуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, халыққа сапалы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін озық медициналық технологияларды енгізу перспективалары айтылды.

СНХ: ХУСАН ӨМІРЗАҚОВ, ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Онко-урология бойынша кезекті мастер-класс өткізуге келдік. Сол жақ бүйректегі үлкен онкологиялық формация бар. Сол бүйректі сақтап қалғымыз келеді, оны аз инвазивті әдіспен жүргіземіз. Осындай оталарды өзімізде институтта жүргіземіз, Көкшетауда да жасаймыз. Аз инвазивті оталардың артықшылығы – адам тез қалпына келеді. косметикалық әсері де жақсы. Науқас сол күні немесе келесі күні тұрып жүре береді.

РКС: Шақырылған мамандар медициналық көмектің лайықты деңгейін және облыстық көпсалалы ауруханасы онкологиялық қызметінің медицина мамандарының біліктілігін атап өтті. Медициналық мекеме барлық қажетті талаптарға сай.

СНХ: АБАЙ МАҚЫШЕВ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ХИРУРГ-ОНКОЛОГ: Біріншіден, мұнда барлық жағдай жасалған. Мұндай диспансерлер, жаңа емхана заманауи жабдықтармен қамтылған. Барлық онкологиялық ауруларды ерте диагноздау мүмкіндігі бар. Дәрігерлерді даярлау жоғары деңгейде. Біз үнемі байланыстамыз, мұнда хирургиялық көмектің барлық деңгейлері көрсетіледі.

СНХ: БОЛАТ ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл ұйымдармен көптен бері араласып келеміз. Онкология институтымен, «Астана» университетімен. Мұндай шеберлік сабақтарын өткізу жақсы дәстүрге айналуда. Әрине, бұл біздің дәрігерлерге, хирургтарға, эндоскопистерге қосымша оқыту. Дағдыларымызды жетілдіруге көмектеседі деп сенеміз.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде қатерлі ісік дертімен ауыратын 1200-ге жуық науқас анықталды. Есепте 10 мыңнан астам пациент бар. Ақмола облысы барлық аймақтар арасында қатерлі ісік бойынша жетінші орында тұр. Мамандар осындай шараларды өткізу медицина мамандарының кәсіби дағдыларына және жалпы медициналық бағыттың дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ