ДИКТОР: Қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Биыл бұл мереке 20-шы қазанға келіп тұр. Мереке қарсаңында орманшылар Қопа көлінің жағалауына 2 мың түп көшет отырғызды. Шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, орманшыларды төл мерекемен құттықтады.

ИНТЕРШУМ: РКС: Қопа көлінің жағалауында қайнаған тірлік. Орманшылар мен волонтерлер ағаш көшетінің алуан түрін отырғызуда.

СНХ: КЕНЖЕБЕК ЕСІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: Ағаш және бұта түрлері отырғызып жатырмыз. Атап айтқанда, қарағай, аққайың, қарағаш және үйеңкі ағаштары. Сондай-ақ, қарағаш, алтын қарақат және акация бұталарынан қоршау жасауды көздеп отырмыз.

РКС: Қопа көлінің жағалауы адам танымастай өзгеруде. Бұл ауқымды жұмыстар жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен іске асырылып жатыр. Қопа көлінің бойын жағалай Кенесары көшесіне дейін жол тартылып, асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жолдың жалпы ұзындығы 1700 шақырым.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Былтыр толассыз жауған қар көкшетаулықтарды біраз әбігерге салды. Себебі, техника саны аз болып, қызметкерлер жетіспеген. Сондықтан, биыл дайындық жұмыстары ерте басталып кетті. Облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарына 100-ден астам техника мен 200 адам жұмылдырылмақ. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов "Көкше тазалық" және "Зерен Плюс - 2006" коммуналдық мекемесінің басшыларымен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Облыс орталығынды ауыз судың сапасы соңғы жылдары өте нашарлап кетті. Себебі, су тазарту қондырғылары 1970 жылы қолданысқа берілген. Әбден тозығы жеткен. Сол себепті, тұрғындар тіршілік нәрін арнайы қондырғылардан сатып алуға мәжбүр. Ауыз судың сапасын арттыру мақсатында шаһарда су тазарту қондырғысының құрылысы басталған. Алайда, жыл сайын жоба түзетуге жіберілуде. Салдарынан, тұрғындар 4 жыл бойы сапалы тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отыр. Мұны ескерген өңір басшысы Марат Ахметжанов жыл соңында көкшетаулықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жобаны 2-3 рет өзгерттіндер. Все, ендігі жылға созбаймыз! Бұл жыр болып кетті ғой. Биыл болмаса онда жауап бересіздер. Енді ешқандай корректировка болмайды. Биыл бітіріп, халықты таза сумен қамтамасыз етесіздер. Талап бітті. Енді ешқандай шегіну жоқ. 3-ші желтоқсанда мек есеп беремін. Оған дейін іске қосылатын болсын. Егер, 3-ші желтоқсанға дейін болмаса, мен шара қолданамын.

РКС: Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Қарашаның соңында су тазарту қондырығысы арнайы сараптамадан өтпек. Ал, желтоқсанның басында 200 мыңға жуық көкшетаулық сапалы ауыз сумен қамтылады. Тазалау қондырғыларының өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метрге дейін болмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ