Жүргізуші: Шетелде тұратын этникалық қазақ балалары жылдағы дәстүр бойынша биыл да Ақмола облысында бас қосты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам жеткіншек қазір тамылжыған табиғатымен ерекшеленетін Бурабайдың баурайында демалып жатыр. Олар үшін арнайы «Жас қазақ» жазғы этнолагері жұмысын бастады.

ШУМ:

РКС: Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жеткіншектер қазақ халқының салт-дәстүрімен де, мәдениетімен де етене таныс. Көбі тарихи отанына алғаш рет табан тіреген. Десе де, домбырада шебер ойнайды. Күйлердің түр-түрін жатқа біледі. Қазақстанның әдебиеті мен тарихын да сүйіп оқиды.

СНХ:АБЫЛАЙ АЙДОС, ОҚУШЫ: Осы жақтың табиғаты, бәрі тамаша екен. Ұнап жатыр. Спортпен айналысуға болады. Біз кешеден бері теннис, домбыра, волейболмен айналысып жатырмыз. Болашақта осы жаққа оқуға түскім келеді.

ШУМ:

РКС: Жазғы этнолагерьде балалар екі апта бойы садақ ату, асық ойнау сынды қазақ халқының мәдени құндылықтарымен етене танысады. Сурет салу, қыш құмыра жасау сынды үйірмелерге де қатысады. Оған қоса, демалыс уақытында арнайы оқу курстары да ұйымдастырылады.

СНХ: НҰРӘЛІ БАҚЫТ, ОҚУШЫ:Лагерь қатты ұнап жатыр маған. Сол лагерьге алғаш келгенде керемет сезімде болдым. Бұл жерге алғаш келуім. Былтырдан беріп естіп жатырмын осы жерді. Қатты барғым келді. Сол арманым орындалды.

РКС: Шетелдегі қазақ балаларын жазғы демалыста атамекенге шақыру бірнеше жыл бұрын қолға алынды. Келем деушілер көп. Алайда, іріктеу қатаң. Этнолагерьге жолдаманы тек сан-салада жетістікке жеткен жеткіншектер ғана алады.

СНХ: ДАНИЯР ҚАДЫРОВ «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тағы бір ерекшелік-осы жақында Қазақстанда болған топан суда көмектесеміз деп Моңғолияның оқушылары өздері ұран жасаған болатын. Ол балалар да осында. Негізі ең басты біздің ойымыз осы балаларды біріктіру.

РКС: Жобаның басты мақсаты-шетел асқан қазақ балаларының болашақта тарихи отанына көшіп келуіне септігін тигізу.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ