ДИКТОР: Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үлкен сұранысқа ие. Десе де, аталған салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына шағымдар да өсе түсуде. Мемлекеттік қызметті көрсетушілер негізсіз бас тартқан жағдайда облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті тарапынан қандай шара қолданылады? Тілші баяндайды.

РКС: Департаменттің басты қызметінің бірі қызмет түрін алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету. Мәселен, Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдары 15 азаматқа өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін ұсынды.

СНХ: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оларға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі бөлінді. Бір кәсіпкерге мал шаруашылығы базасына қызмет көрсетуге жер берілді. Бұдан бөлек, 35 азаматтың құқығы қорғалды. Олар қашықтан қол жеткізудің мемлекеттік қызметіне мониторингінің аясында мемлекеттік қызметтерді тікелей алды.

РКС: Осылайша департамент тарапынан қабылданып жатқан шаралар азаматтардың пайдасына жарауда. Жарты жылда 62 тұрғынға түрлі мақсатқа пайдалану үшін жер телімдері ұсынылды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Мысалы, кәсіпкер Көкшетау қаласының әкімдігіне қосымша ауданы 0,04 гектар жер телімін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініште нысаналы мақсаты дұрыс көрсетілмегендіктен, жергілікті атқарушы орган оған жер телімін беруден бас тартқан. Бірақ, қызмет беруші кәсіпкермен тыңдау рәсімін дұрыс өткізбей, бас тарту үшін негіз болған ескертулерді жойып, қайта жүгіну мүмкіндігінен айырған. Департаменттің шешімі негізінде әкімдік өтініш берушіге жер учаскесін ұсынды.

РКС: Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі департаменттің бақылауында. Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін электронды түрдегі қызмет көрсету тізімдемесі біршама ұлғатылып отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ