ДИКТОР: Орман тек табиғат емес. Бұл өмір. Жаныспай Мұқажанов үшін тағдыр. 35 жылдан астам уақыт орман шаруашылығында еңбек етіп келеді, оның 20-ға жуығы Көкшетау ұлттық паркі Зеренді филиалының орманшылығын басқарады. Оның бақылауында 13 мың гектардан астам орман бар. Мұнда ол жай ғана жұмыс істемейді, жаңа ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті сіңіреді, Табиғатты қорғап, оны сақтайды.
РКС: Жаныспай Мұқажановтың күнделікті жұмысы шағын жиналыстан және бір күнге арналған міндеттерді бөлуден басталады. Қорықшылар ағаш көшеттеріне қамқорлық жасайды, арамшөптерді жояды, аумақтың қауіпсіздігін бақылайды. Ерекше болып көрінбесе де, бірақ жаңа міндеттер жүктеледі, жастар қызықты шешімдер ұсынады, маған ұнайды, - дейді ол.
СНХ: ЖАНЫСПАЙ МҰҚАЖАНОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қызықты сәттер болмайды, бірақ жұмыс бойынша басшылықтан кейбір жаңашыл идеялар тапсырма беріледі, көбінде жастар ғой, ақылды. Олар барлық тапсырмаларды орындайды және перспективалы шешім табады және тапсырманы бергеннен гөрі жақсы орындайды. Қазіргі уақытта бізде орман көшеттеріне күтім жасау, арамшөптерден тазалау бар. Жұмысшылар өз аумақтарын күзетуді, айналып бақылап отыруды ұмытпайды.
РКС: 1986 жылы Жаңыспай Мұқажанов Бурабай ауыл шаруашылығы техникумына оқуға қабылданады. Артынша Шоқан Уәлиханов атындағы университетіне түседі. Бірақ орманшы болуды ол мектеп оқушысы болып жүрген кезде, сыныппен бірге алғаш ағаш отырғызуға шыққанда шешкен.
СНХ: ЖАНЫСПАЙ МҰҚАЖАНОВ- ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізді бұрын мектепте көшет отырғызуға, арамшөптерді жоюға араластыратын. Сол кезден бастап мұның бәрі ұнады, қызықты болды. Жақсы тәлімгерлер көп болды. Менің арманым бұрыннан бар еді, мен 35 жылдан астам уақыт бойы осы салада жұмыс істеймін.
РКС: Жаңыспай Мұқажанов Зеренді ауданы, Викторовка ауылының тумасы. Төрт бала тәрбиелеп, қазір немере сүйіп отырған қадірлі ата. Бүгінде ол жастарға үлгі. Орманды сеніп тапсыруға болатын нағыз маман.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.