ДИКТОР: Ұзақ өмір орталығында қазақтың дара данышпаны, ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тағылымы терең «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты іс-шара өтті. Бұл игі бастамаға батыр, ғалым Мәлік Ғабдуллин мұражайының ұжымы мұрындық болып, ел руханиятына серпін беретін мазмұнды кездесу ұйымдастырды.

РКС: Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған жарқын интерактивті жүздесу мен Абай әндерінен шашу шашылды. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқыды. Іс-шараның басты көздегені Абай мұрасын зерделей отырып, оның даналығы мен шығармашылығын насихаттау, - дейді ұйымдастырушылар.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МҰХАММЕД ҚОҢҚАЕВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл кездесу ғалым, профессор өзіміздің ағамыз Сәбит Жәмбекпен кездесу кешті ұйымдастырып отырмыз. жалпы осы іс-шараның атауын да жүргемінің түбіне терең бойла деп қойдық. Себебі біз Абайдың әлеміне әлі де тереңірек бойлауымыз қажет. Абайдың өнегесіне, даналығына, парасаттылығына біз әлі де жете қойған жоқпыз. Әр қазақтың өзінің Абайы бар.Әр оқырман Абайды өзінше таниды. Сол себепті осы жолда,осы бағытта Абайдың шығармашылығын кеңінен насихаттау. Абайдың даналығына терең бойлау мақсатында осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Абайдың даналығын терең білетін ғалымдардың аузынан шыққан өнеге, насихат арқылы қазақтың жүрегіне, тыңдарман, көрерменнің жүрегіне Абайдың өсиетін, даналығын жеткізу бұл біздің басты борышымыз.

РКС: Абайдың сөзі – ұрпаққа мұра, ұлтқа темірқазық. Бұл кеш – тек еске алу емес, қайтадан ойға оралу, Абай мұрасын санамен сіңіру. Ұлы ақынның 180 жылдығы – ел тарихындағы айтулы белес. Бұл мерейтой халқымыздың рухани түлеуіне, өткенін қадірлеп, болашағына бағдар жасауына сеп болмақ.

СНХ:ҚАҒИРА РАҚЫМОВА, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен енді біраз жасқа келдім.Мамандығым ұстаз. Біраз жыл істедім, 39 жыл. Мен өте ризамын. Абай хәкім ауылынан аяқ басып аттамаған кісі. Бірақ сондай, әлемдей ғасырдай ой бір басына сиған деп ойлаймын. Керемет осындай жан әлем деңгейінде көтеріліп,ол кісіні қазір бүкіл әлем таниды.Оқығаны да бір медресе. Жоғары білім алып, қазіргі 5 диплом, 10 диплом алғандардың қатарында ол кісі болған емес. Сол қарапайым, ескі заманда қандай білім, қандай ұшан-теңіз рух іште қайнап жатқан. Балаларға берері, бұл кісінің әрбір сөзі әлі зерттеліп жатыр, ашып жатыр. Бірақ бұл кісінің сөзі не айтқысы келгенін түбегейлі ,түгелдей ашылған жоқ әлі. Балалар егер осы кісінің сөзін ұғып білсе, өмірге деген жолдама алады. Жолдары ашылады, бақтары ашылады, көздері ашылады. Бізге білім керек. Білім мен тәрбие бірге жүру керек. Тәрбие жоқ жерде жалаң білім ештеңе бітіре алмайды.

РКС: Абай – мәңгілік. Оның мұрасы – уақытпен өлшенбейтін асыл қазына.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ