ДИКТОР: Шортанды ауданындағы Мықтыкөл көлінің жағалауында ең ірі "Dala Camp" жастар форумы өтті. Биыл форум «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы тақырыбында ұйымдастырылды. Ақмола облысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас бас қосты. Олар демалу үшін емес, ел қауіпсіздігіне жастардың қалай үлес қоса алатынын талқылау үшін жиналған.
РКС: Мұндағы барлық қатысушылардың бекітілген қатаң күн тәртібі бар. Ресми рәсімделген тәртіп болмаса да, қатысушылар өздерін сауатты ұйымдастыра білген. Жастар тамақты өздері дайындайды, тазалық пен тәртіпті сақтайды, білім алып, Қазақстанның болашағына тікелей қатысы бар маңызды мәселелерді талқылайды. Әрбір күн жаңа қонақтармен және жаңа тақырыптармен ерекшеленеді. Биылғы форумда Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына баса назар аударылды. Жастар аталған тұжырымдама ережелерін тек теориялық емес, практикалық тұрғыда, яғни күнделікті өмірде қалай жүзеге асыруға болатынын талқылауда. Форумның ашылу салтанатында қатысушыларға облыс әкімі құттықтау сөз арнады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сондықтан мен толық сіздердің осы қозғалыстарыңызды өте қолдаймын. Бүгін тек қана күресу деген дұрыс емес шығар. Күресу емес, өз қатарларыңызға тарту керек. Тәртіп, дүниенің қызық екенін, өмір қызық екенін, нашақорлықтан емес шеккеннен емес, мына спорт алаңында әсер ал. Міне, басқа да басқа салалар бар. Өнер саласы бар. Әдеби саласы бар. Сол жерде өз мүмкіндіктеріңді зерттеп, көріп, солай тарту керек, адамдарды қызықтырып.
РКС: Форумда ұсынылған идеялар нақты іс-шаралар түрінде жүзеге асырылуда. Мысалы, «Жаттығу» атты қозғалыс қазірдің өзінде бірнеше қалада іске қосылған. Жастар жаттығулар ұйымдастырып, спорт алаңдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындарды сақ болуға үйретуде. Ал «Сатқындар» деп аталатын ұйым синтетикалық есірткілердің көшедегі жарнамасы мен интернет арқылы сатылуына қарсы күресті көздейді. «Дала Қырандары» қозғалысының мүшелері полиция органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, қауіпті сайттарды жабу және жасөспірімдердің өміріне қатер төндіретін жазуларды жою шараларын жүргізуде.
СНХ: МӘДИ РЫМЖАНОВ, ҚОРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мұнда Қазақстанның 20 өңірінен, яғни елдің түкпір-түкпірінен жастар жиналған. Біздің негізгі бағыттарымыз – нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жүргізу. Қазіргі кезде ең өзекті мәселе – синтетикалық есірткінің кеңінен таралуы және біз бұл індетке қарсы қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Сонымен қатар, алкогольге, оның ішінде заңсыз өндірілген ішімдіктерге тәуелділік мәселесі, әсіресе жастар арасында кең таралғаны да басты назарда ұсталады.
РКС: Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін сақтау бойынша заң талаптарының орындалуын қадағалайды. «36.1» атты қозғалыс мүшелері заң бұзушылықтарды байқап, оларға бейжай қарамайтын жастарды бірлесе әрекет етуге жұмылдырды.
СНХ: ЕРАСЫЛ САЙЛАУОВ, ФОРУМ ҚАТЫСУШЫСЫ: Мен үшін бұл лагерьдің маңыздылығы тек білім алумен шектелмейді. Біз еліміздің әртүрлі қалаларынан келген жастар арасында үйлесімді ортаны қалыптастырамыз, бұл біздің басты мақсатымыз. Біз еліміздің жастарына қандай да бір қиын жағдайларда әрқашан бірлікте екенімізді көрсетеміз. Қазіргі таңда жастардың түрлі мәселелері бар екені рас, алайда осы жерде жиналып, өзіміздің жалғыз емес екенімізді сезінеміз. Бұл менің өмірім үшін үлкен маңызға ие.
РКС: Ұйымдастырушылардың пікірінше, жастар бұл форумнан патриот болу – өзіне жауапкершілік алу деген маңызды түсінікпен оралады. Сондай-ақ, «Заң және тәртіп» ұғымы – бұл абстрактілі түсінік емес, әр адамның өзінен басталатын өмірлік қағида екенін үйретеді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ