ДИКТОР: Көкшетауда біртұтас қоғамдық көпшілік орындарды қалыптастыруға бағытталған ауқымды қалалық жоба жүзеге асырылуда. Жобаға Мәңгілік алау паркі, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі кірді. Біртұтас туристік маршрут «Көк Шалғын» атты жалпы сәулет және дизайн стилінде орындалады.

РКС: Жоба қаланың ортасын жақсартуға және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған. Маршрут бойымен көпқабатты және көпжылдық өсімдіктерді отырғызып, көгалдандыру жүргізіледі. Автоматты суару жүйелері мен фонтандар орнатылып, сапалы тасжол да төселеді.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Аталған жоба Сабатаев көшесінен Жағалау көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 3,5 шақырым аралықты қамтиды. Сондай-ақ, шамамен 7 гектар аумақта түрлі жұмыстар жүргізілуде. Бұл учаскеде шамамен 47 мың шаршы метр тасжол төсеу жүргізілуде. Тасжолдарымыз заманауи талаптарға сай жасалып жатыр. Сондай-ақ, шамамен 4 фонтан орнатылады. Қазір мердігер ұйымдар тиісті жұмыстарды жүргізуде.

РКС: Жоба аясында жаңа шағын сәулет нысандары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ воркаут аймақтары пйада болады. Мәңгілік алау аумағында, Сағдиев пен Ақан сері көшелерінің қиылысында футбол алаңы салынбақ, шахмат үстелдері орнатылады. Сонымен қатар, балалар мен спорт нысандары толықтай жаңартылады. Шаһар тұрғындары бұл өзгерістерді қуана қабылдап, қалалық ортаны жаңғыртуды қолдап отыр.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл өте жақсы жағдай. Марат Мұратұлы мен ойлаймын Көкшетауға көп жақсылып істеп жатыр. Ол міне көзбен көрінеді. Мұны тек соқыр кісі көре алмайды. Барлығы көрікті. Мына набережныйды қалай жақсы істеді. Мен көп жаяу жүремін, сосын көп нәрсе байқаймын. Бұрынғы уақытта бір кісі жұмыс істесе, қасында үшеуі отыратын. Қазір бәрі қимылдап, бәрі жұмыс істеп жатыр. Көп-көп рақмет! Жалпы Көкшетау өзіміздің сүйікті қаламыз ғой. Бұл енді келбеті өзгеріп, мен ойлаймын, Қазақстанның бір жақсы, әдемі, сұлу қаласына жететін уақытқа көретін болайық соны.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен осы қалада тұрамын, осында дүниеге келдім. Осы қаланы жақсы көремін. Сондықтан қалада бір нәрсе жаңартылғанда, бір жерге жаңа бір нәрсе салынып, жақсарған кезде әрдайым қуанып жүремін. Мысалы, жағалауды қалай әдемі етіп жасады, сондықтан тек алғыс айтамын!

РКС: Айта кетейік, жобаны екі жергілікті мердігер ұйым жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстарының негізгі бөлігі тамыздың 25-іне дейін аяқталу жоспарланған. Күзгі кезеңде аумақты көгалдандыру жалғасады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.