ДИКТОР: Көкшетауда Конституцияның 30 жылдығына орай облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Спорттық додаға нотариустардан бастап адвокаттарға дейін - өңірдің құқықтық қоғамдастық өкілдері қатысты.

РКС: Волейболдан өткен тартыста жеке сот орындаушылар, нотариустар палатасы, адвокаттар алқасының өкілдері және басқа да құқықтық сала мамандары өзара бақ сынады. Жарысқа 8 ойыншыдан құралған 4 команда қатысты.

СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған спартакиада ұйымдастырылып жатыр Ақмола облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен. Ол жердің қатысушылары өздеріңіз көріп отырғандай, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар палатасы, адвокаттар коллегиясы, сонымен қатар юрист консультарымыз.Экспертиза қатысуда өздеріңіз көріп отырғандай біз Ақмола облысы болып бірінші болып конституция күнін атап өтуге ат салысып жатырмыз.

РКС: Мұндай спорттық кездесулер денсаулықты нығайтумен қатар, құрылымдар өкілдері арасында командалық рухты қалыптастыруға да ықпал етеді, - дейді қатысушылар.

СНХ: НҰРБЕК ӘЛІПОВ, ҚАТЫСУШЫ: Мен Ақмола облысысы жеке сот орындаушылары командасының атынан қатысып отырмын. Бүгін біз осы тамаша спорт залда жиналып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған спартакиадаға қатысудамыз. Жарыстар қызықты әрі тартысты болары сөзсіз. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жеңіс мықтыларға бұйырсын!

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Ақмола облысының аумақтық нотариалды палатасының командасы еншіледі. 2-ші орын жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының командасына бұйырды. 3-ші орын Ақмола облыстық адвокаттар алқасы мен облыстық Әділет департаменті командаларына берілді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ