ДИКТОР: Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай академияның облыстық филиалында «Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру: трендтер, сын-тегеуріндер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамыту жолдары, перспективалары мен алға қойған мақсаттары жайлы сөз қозғады.

РКС: Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға қабілетті отандық басқарушыларды даярлау мақсатында ашылған. 30 жылдың ішінде білім ордасы магистратура және докторантура бойынша 3 мыңнан аса түлекке білім берді. Бір жылда Академияда және өңірлердегі филиалдарда 40 мыңнан астам тыңдаушы кәсіби біліктілігін арттырса, соның 26 мыңы мемлекеттік қызметші. Академияның облыстық филиалы 2018-ші жылы ашылды. Күні бүгінге дейін 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өткен.

СНХ: ЕРЖАН ЖАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Лекторларымыздың бәрі тәжірибелі мамандар, мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар. Белгілі бағыттарда білімдері терең жоғары оқу орындарының лекторларын да тартамыз. Жалпы, қайта даярлау курстарының бағдарламалары мемлекеттік қызметшілердің сараптама жасау, шешім шығара білу, көшбасшылық сынды қасиеттерін дамытуға бағытталған.

РКС: 2022-жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агенттікті стратегиялық институт негізінде трансформациялау керек деген. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің адами ресурстармен жұмыс істеулерін жетілдіру және заманауи бастамалар енгізу мақсатында жыл басында адам ресурстарын басқару институты құрылған.

СНХ: РҮСТЕМ МУСИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің институт 5 сектордан тұрады. Сол 5 сектордың екеуі ІТ-мен байланысты. Екінші тестілеу центрлері. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкер жұмысқа тұруы үшін мемлекеттік тіл, заң бойынша және тағы да басқа тестілеуден өту керек. Сол тестілеу орталықтары қазіргі уақытта біздің институт арқылы жасалынып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 450 тестілеу компьютері бар.

РКС: Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен облыстық әкімдік арасында тығыз әріптестік орнаған. Жыл басында облыс әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен алғаш рет Президенттік кадр резервінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырылған. Ондағы мақсат білікті де жас мамандарды облысқа жұмысқа тарту.

СНХ: ЖАНАР ҚОЖАГЕЛДИНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ПЕРСОНАЛДЫ БІРЫҢҒАЙ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Соның нәтижесінде Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Президенттік кадр резервінен Рамазан Мерей деген резервші тағайындалды. Сонымен қатар, резервшілер облыс әкімінің алдында біздің облысты әрі қарай қалай дамыту керек, қандай ұсыныстары бар солармен бөлісті. Академияда жұмыстан тыс екі жылдық, бір жылдық магиситратура, докторантурада оқып жатқан біздің қызметшілеріміз бар. түлектеріміз жемісті қызмет жасап жатыр.

РКС: Мемлекеттік академияның басты мақсаты өңірлерді білікті де білімді мамандармен қамтамасыз ету. Сондықтан, тамыз айында өңірлік кадрлар резервін құру жоспарланып отыр. Оған іріктеуден өтіп, ең үздік деп танылған 25 мемлекеттік қызметші енеді. Алдағы уақытта, олар байқауға қатыспай-ақ, басшылық лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болмақ.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ