ДИКТОР: Облыста ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз білім беру ортасын құруға үлкен мән береді. Барлық студенттердің сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды.

РКС: Ерекше қажеттіліктері бар балаларда назар аударуды және арнайы қолдауды қажет ететін физикалық, интеллектуалдық, сенсорлық немесе эмоционалдық айырмашылықтар болуы мүмкін. Қимыл қозғалысы шектеулі балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мектеп электрлі пандустармен, лифттер және кең есіктермен жабдықталуы керек.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МӘДИНА ХАСЕНОВА, №4 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізде ерекше білімді қажет ететін 158 оқушы бар. Оның 132-сі түзету сыныптарында оқиды. 9 бала үйде білім алуда және 17 оқушы жалпы білім беретін сыныптарда оқиды, бірақ бұл балалар аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар үшін арнайы жабдықталған инклюзивті қолдау бөлмесіне барады. Мектепте 129 мұғалім жұмыс істейді. Жыл сайын олар инклюзивті білім беру курстарынан өтеді. Яғни, мұғалімдердің 100 проценті педагогикалық түзету әдістемелерін меңгерген.

РКС: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау мемлекеттің, білім беру ұйымдарының, мұғалімдердің, ата-аналардың және қоғамның бірлескен күш-жігерін талап ететін күрделі процесс.

СНХ: АЙГҮЛ НӨГЕРТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде бізде қаладағы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 2061 оқушы оқуда. Оның 1500 ден асасы орта білім беру ұйымдарында. Мектепке дейінгі мекемелерде 500-ден аса бала. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беретін балаларға барынша жағдай жасалуда.

РЗК: Инклюзивті білім беруді дамыту әрбір адамның білім алуға және дамуға құқығы бар толерантты және әділ қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінде Ақмола облысында барлық мектептер, балабақшалар, орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары белгіленген талаптарға сай жабдықталған.

МАҚПАЛ АЙБАИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ