ДИКТОР: Көкшетаудағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ресми түрде ашылғанына бір жыл болған. Облыстық экология департаментінен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу тым ұзаққа созылған еді. Аталмыш құжат тек 15-ші ақпанда берілді. Салдарынан облыс орталығының барлық қалдығы жиналатын жерге жұмыс істеуге рұқсат қағазын алуға 6 жыл уақыт кеткен.

РКС: Облыс аумағында тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін 6 орын бар. Бірақ, олардың төрттен біріне ғана рұқсат қағазы берілген. Ұзақ уақыт бойы Көкшетауда қоқыс сақтауға арналған заңдастырылған аумақ болған жоқ. Әуежай жақтағы ескі полигон стратегиялық нысанның жақын орналасуынан экологиялық кодекске сай келмеген. Жаңа полигон қаланың қоқысқа қатты мәселелерін түбегейлі шешеді деп айту қиын. Ендігі мақсат – қалдықтарды көміп тастағаннан гөрі сұрыптау мен өңдеуге көшу.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «ЭКО-DUMP» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Одан кейін бізде даму стратегиясы бар. Яғни, Көкшетау қаласында, Зеренді және Бурабай аудандарында қалдықтарды сұрыптау және өңдеу кешендерін салу жоспарда. Ондай кешен бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – сұрыптау, екінші – барлық өтімсіз шикізат қоқыстарын өңдеуге қауқарлы климаттық ванналар орнату. Айта кетейік, сұрыптау кезінде 26-28 проценті ғана пайдаға асуы мүмкін, қалған 70 проценті өтімсіз шикізат.

РКС: Көкшетау мен жақын маңда орналасқан елді мекендердің тұрғындары ыстық күндері қоқыс жиналған жерлерде жиі өрт болатынын жақсы біледі. Бұл мәселемен күресу үшін жаңа полигон аумағында 130 мың текше метр қалдық алдын ала көмілді. Жоба жергілікті тұрғындар мен белсенділердің де қолдауына ие болды. Олар мекеме жұмысына қоғамдық бақылау жүргізетін болады. Кейбіреулері полигонға жұмысқа орналасқан.

СНХ: ДМИТРИЙ НЕДЕЛЬКО, ПОЛИГОННЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: Біздің полигонда 20 шақты адам жұмыс істейді. Олар қалдықтарды сұрыптаумен айналысады. Сонымен қатар, бізде 2 бульдозер, 1 тиегіш, самосвал және контролерлер бар. Күніне, 40 шақты көлік қабылдаймыз. Бұл, шамамен, 150 тонна қалдық.

РКС: Экологиялық кодекске сай полигон иелері қоршаған ортаға келетін зиян үшін эмиссия төлеуі тиіс. Кіргізілген қалдықтың әр тонасы есептеледі. Бірақ, жергілікті тұрғындар үшін тарифті жоғарылату жоспарланбаған. Аталмыш бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де мол.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «ЭКО-DUMP» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Сондай-ақ, сенбіліктер, «Таза Қазақстан» акциясы аясында біздің қызметкерлер көп жұмыс атқарды. Енді олар тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Өткен сенбі-жексенбі күндері біз 200 үлкен самосвалмен қоқыс қабылдадық. Бұл, шамамен, 4000 тонна. Бұл да болса, біздің Көкшетау тазалығына қосып жатқан үлесіміз. Өйткені, біз бұл қоқыстарды тегін қабылдадық. Техника да, қызметкерлер де тәулік бойы жұмыс істеді, жанар-жағар май сатып алдық. Бірінші кезекте жұмысшыларымызға зор алғыс білдіремін. Әрине, олардың айлықтарын көтеру артық етпес еді.

РКС: Қазіргі таңда, серіктестік қалдықтарды өңдеу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жоспарда экология Министрлігінің «Жасыл Даму» жобасы арқылы қаржы алып, әрі қарай шетелдік инвесторларды тарту бар. Толықтай өңдеумен айналысатын 3 мекеменің құны, шамамен, 6 миллиард 800 миллион теңге.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ