ДИКТОР: «Экологиялық стартап» қалалық байқауының финалдық кезеңі аяқталды. Тәлімгерлермен бірге дайындаған оқушылар жобасы болашақта қалаға табыс көзін әкеліп қана қоймай, көптеген экологиялық мәселелердің шешімін табуға септігін тигізбек.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шараның мақсаты мектеп оқушыларын табиғатты қорғауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Көпшілік назарына үздік деп танылған 11 жоба ұсынылды.
СНХ: ВАЛЕНТИНА КРЫЖАНОВСКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСКЕРІ: Бүгінде экология тақырыбы өте өзекті. Ол біздің өміріміздің барлық саласымен тоғысқан. Экология жалпы табиғатты қорғау ғана емес, оған мұхит пен ғарыш мәселесі де жатады. Бүкіл Жер ғаламшарының мәселесі десек те болады. Әрине, бұл ахуал тұрмыстық өмірді де айналып өтпейді. Жалпы, экология бүкіл қоғамға әсер ететін күш.
РКС: Жиында су тасқынының алдын алуға арналған датчиктерді әзірлеу, қылқан жапырақты ағаштарға арналған тәлімбақ ұйымдастыру, экоыдыс сынды экожобалар таныстырылды. Жоба авторларының бірі Аружан Әлмерденова. №13 «Экос» мектеп-гимназиясының биылғы түлегі суды биологиялық жолмен тазартуды көздеген.
СНХ: АРУЖАН ӘЛМЕРДЕНОВА, №13 «ЭКОС» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Менің жобамның басты мақсаты, лактобактерия көмегімен суды тазарту. Яғни, қоқыстардан емес биологиялық және химиялық ластаушы заттардан Қопа көлін тазарту, ауыз суының және қолданыстағы судың сапасы нашар болғандықтан бізге тағы қосымша суды тазартатын әдістер керек. Лактобактерия көмегімен су тазартылады. Кейін фильтрация өту арқылы қолданысқа су өткізіледі.
РКС: Шара соңында байқауға қатысқан барлық мектеп оқушыларына сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта үздік деп саналған жобалар назардан тыс қалмай, қаланың игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік бар.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ