ДИКТОР: «Киелі мекен». Осындай атаумен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жаңа апталығы басталды. Бұл жолы табиғат жанашырлары тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда. Бір күнде 100-ден астам студент пен волонтер Көкшетаудағы тарихи жәдігерлердің маңын тазалады.

РКС: Жастар белсенді. Қоқысты жүгіріп жүріп жинап жатыр. Ұйымдастырылған шара да ерекше. Себебі, тарихи ескерткіштер – қаланың көркі. Саябақтардың аумағында тұрған ескерткіштің жанына келіп жұртшылық дем алады, бос уақытын өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, сұлулық әлеміне көз жүгіртеді. Бірақ осы сұлулықтың айналасындағы қыстан қалған қоқыс оның сәнін бұзады.

БЛИЦ: Біз бүгін қаламызды қоқыстан тазартуға шықтық. Барлық көкшетаулықтарды қаламызды таза ұстауға, бізбен бірге атсалысуға, белсенді болуға шақырамын.

: Такие акций созданы для того что бы поддерживать чистоту в нашей стране. Потому что это важно, что бы молодежь всегда следила за чистотой, не кидали мусор. Иногда идешь по улице и стыдно. Когда видишь что перед тобой идет молодой человек и выкидывает бычки. Обидно можно сказать.

РКС: Экологиялық акцияға қоғам белсенділері де атсалысуда. Бәрі бір кісідей қоршаған ортаны таза ұстауға әрекет етіп жатыр. Тазалық – денсаулық кепілі, - деп, тазалыққа шақырған игі шараға қатысушылардың бірі - жергілікті "Эко-Dump" серіктестігі.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, "ЭКО-DUMP" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Эко-Dump" тұрмыстық қалдықтар полигоны бір ай бойы осы акция аясында жиналатын қалдықтарды қабылдауда. Ол үшін 10-нан астам адам мен арнайы техника жұмыс істейді. Қоқыстың барлығы сұрыпталады, ал жапырақтар мен бұтақтар бульдозерлермен тығыздалады. Бұл жұмыс бұл қоқыстың одан өртеніп кетпеуі үшін жасалады.

РКС: «Киелі мекен» апталығы аясында қаладағы ескерткіштер аумағын абаттандыру үшін бір күнде 100-ден астам белсенді атсалысты. Айта кетейік, енді «Жасыл аймақ» апталығы басталмақ. Онда ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ