ДИКТОР: Облыс аумағында «Worldskills Aqmola-2024» кәсіби шеберлік чемпионаты жалғасуда. Еліміздегі бұл қозғалысқа алғаш қосылған оқу орындарының бірі – Көкшетау құрылыс және технология колледжі. Білім ошағында 14 мамандық бойынша байқау өтіп жатыр. Студенттер облыстық чемпионаттарда жүлделі орын алу үшін белсенділік танытып, Ақмола облысының атынан республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүр.

РКС: Сәуірдің 17 мен 19 аралығында құрылыс-технологиялық колледжінде өтіп жатқан кәсіби шеберлік байқауы бірнеше кәсіби құзыреттерді қамтиды. Олар: құрғақ құрылыс және сылақ, плитка төсеу, кескіндеме және сәндік жұмыстар, кірпіш қалау, ас әзірлеу және кондитерлік өнімдер, мейрамхана қызметі, сәндік-қолданбалы өнер. Айта кету керек, сәндік-қолданбалы өнер құзыреттілігі бойынша колледж Abilimpic Skills бағдарламасына қатысады.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ОМАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмысшы мамандықтар бойынша өтіп жатқан байқаудың ерекшелігі алдымен жұмысшы мамандықтарға жарнама жасау, екіншіден чемпионат барысында жарысқа қатысушылар, колледж студенттері кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Бұл мамандар даярлауға да әсер етеді. Чемпионатқа әлеуметтік серіктестер де орындалған жұмысты бағалау үшін әрбір қызмет түрі бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде қатысады.

СНХ: ЖАЗИРА ЖҰМАҒАЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Осы Ақмола облыстық конкурсына мені сарапшы ретінде шақырған болатын. Өзімнің бағамды беріп, қозқарасымды айту үшін келген болатынмын. Жеңген баламен осы жылы Астана қаласында кездесемін деп ойлаймын. Өзім Францияның Лен қаласында болатын конкурсқа отборочный турға баланы дайындап жатырмын. Қазақстанды таныту мақсатымыз.

РЗК: Байқаудың қорытындысы 19 сәуірде шығады. Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ