ДИКТОР: Ішкі нарықты сапасыз және қауіпті импорттық өнімнен қорғау мақсатында облыста арнайы ситуациялық штаб құрылды. Оның құрамына уәкілетті органдар мен қоғам өкілдері кіреді.

РКС: Құзыретті органдар өнімдерді сатудың барлық кезеңін бақылайды. Сонымен бірге тасымалдау мен сақтау да басты назарда. Сондай-ақ, техникалық реттеу және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында да тексерістер жүргізіледі. Штаб жұмысының аясында уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында нақты шараларды жүзеге асырады.

СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Біз 70-ке жуық бақылау шарасын өкіздік. Соның 66-да заң бұзушылық анықталды. Жедел әрекет етудің 6 шарасы қолданылды. Ол дегеніміз тауарды сатуға тыйым салу. Және оны жою үшін тәркілеу. Немесе қайтадан шетелге қайтарып жіберу. Тыйым салынған тауардың құны 600 мың теңгеден асады. Айналымнан 300 мың теңгеге бағаланған 200-ге жуық өнім алынып тасталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асады.

РКС: Өткен жылы облыс кәсіпорындары 1 миллиард теңгеден астам соманың өнімін өндірді. Өнеркәсіптің түрлі саласында оң өсім байқалады. Әсіресе машина жасау, өңдеу өнеркәсібі мен ет өнімін өндіру саласында еңбек өнімділігі арта түскен.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 78 проценттен астам. Тау-кен өнеркәсібінде 12,5 процентке жеткен. Бүгінгі таңда Ақмола өңірі еліміз бойынша жолға арналған подшипникпен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл өндіріс біздің облыста ғана бар. "КАМАЗ-Инжиниринг"кәсіпорнында мамандандырылған көліктің 77 проценті өндіріліп жинақталады. Астық жинайтын комбайндардың 86, тракторлардың 26 проценті де осы жерде құрастырылады.

РКС: Отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмысы құзырлы органдардың бақылауында. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ