ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру» тақырыбында 28-ші Шоқан оқулары өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына бірнеше шетелдік профессор қатысты. Жиында білім, ғылым саласындағы өзекті сұрақтар талқыланды.

РКС: Университет қабырғасында жыл сайын Шоқан оқуларын өткізу игі дәстүрге айналған. Ондағы мақсат: белді отандық және шетелдік ғалымдардың басын қосып, жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылыми бағыттар бойынша пікір алмасу және Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары мен өмірі жайлы келелі әңгіме алаңын ұйымдастыру.

СНХ: МАРДЕН БАЙДАЛИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОММЕРЦИАЛИЗАЦИСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Конференциямызға 350-ден астам мақала қабылданды. Конферненцияның жинағы біздің университетіміздің сайтында жарық көретін болады және конференцияның бағыттар бойынша 6 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Конференция ғылыми қауымдастық арасында өте жақсы көзқарас тауып жатыр. Біздің конференциямыда жас ғалымдар, магистранттар және университетіміздің оқытушылары өз баяндамаларымен қатысуда.

РКС: «Шоқан оқулары» алғашқы жылдары республикалық конференция ретінде өткізілсе, кейіннен халықаралық мәртебеге ие болды. Сондықтан, жыл сайын аталмыш шараға шақыртылатын шетелдік профессорлардың да саны артуда. Бүгінгі отырысқа қатысқандардың бірі - Пенсильвания мемлекеттік университетінің профессоры Екатерина Базилевская. Ол ақмолалық әріптестеріне күн панельдерінің топыраққа тигізер әсері жайлы баяндады.

СНХ: ЕКАТЕРИНА БАЗИЛЕВСКАЯ, ПЕНСИЛЬВАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Бізде органикалық заттың элементарлы құрамын, яғни, көміртегі, сутегі және азотты өлшейтін анализатор бар. Қазақстанда да ондай құрылғының бар екенін білемін. Бірақ, біздің анализатор көрсеткіштерді дәл анықтайды, бір мезетте бірнеше сынаманы тексеруге болады және ол адамның араласуын қажет етпейді.

РКС: Конференцияға екінші рет арнайы шақыртумен келген қонақтардың бірі - филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты - қазақ тілін зерттейтін әлемдегі жалғыз іргелі мекеме. Институт профессорлары болашақта қазақ тілін жасанды интеллект дұрыс түсінуі үшін бірқатар жұмыстар атқарып жатыр.

СНХ: АНАР ФАЗЫЛЖАН, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз қазақ тілінің электрондық ақылды мәтіндер базасын жасадық. Ол қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталады. Яғни, қазіргі кезде тіліміз қоғамның қай саласында қолданылса барлық сол саладағы теңестірілген, қатесі түзетілген, сауатты мәтіндердің электрондық нұсқасын сайтқа саламыз және сол мәтіннің құрамындағы әрбір бөлшекке лингвистикалық паспорт жасалады.

РКС: Университет ұжымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай 2025 жылы шетелдік ғалымдардың қатысуымен ауқымды ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ