ДИКТОР: Бурабайда 16 жастағы жасөспірім ағашқа соғылып мерт болды. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кеше астаналық 18 оқушы Бурабайға экскурсияға келген. Екі оқушы жалға велосипед алып, серуендеуге шығады. Тізгінге ие бола алмай қалған біреуі ағашқа соғылып, ауыр дене жарақаттарынан ес жинамастан оқиға орнында жан тапсырды. Белгілі болғандай, көз жұмған жасөспірім Астанадағы Қаныш Сәтпаев атындағы BINOM мектебінің оныншы сынып оқушысы. Бір топ оқушы, сынып жетекшілері және мектеп мұғалімі ата-аналары жалдаған автобуспен куроттық аймаққа келген. Қайғылы оқиға бойынша тергеп тексеру басталды. Облыстық полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Басқа ақпарат тергеу аяқталғанша жария етілмейді.

СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Алдын ала анықталғандай кәмелетке толмаған бала велосипедті жалға алған. Онымен бара жатқанда ағашқа соқтығысқан. Алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеп тексеру жалғасуда.