ДИКТОР: Облыс орталығында «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды шара Көкшетау қаласының 200, Астана медицина университетінің 60 жылдығына орайластырылған. Жиынға қатысқан қазақстандық дәрігерлер мен көршілес елдерден келген ақ халаттылар медицина саласының, оның ішінде хирургияның даму перспективаларына тоқталды.

РКС: Конференция қатысушыларының алдында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова аймақ басшысы Марат Ахметжановтың атынан ақ халаттыларға алғыс айтып, конференцияның маңыздылығына тоқталды. Өңірде дәрігерлер мен болашақ мамандық иелеріне жасалып жатқан жағдайларға шолу жасады. Айталық, соңғы жылдары дәрігерлерге берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері артқан. Қазіргі таңда, қалалық жас маманға 2,5 миллион, ауылды жерге баратындарға 5 миллион теңге көлемінде бір ретік жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің гранты мен стипендиясы және баспанамен қамту қарастырылған.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың инфроқұрылым жақсарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соңғы 3 жылда 6 жаңа денсаулық сақтау нысаны, атап айтқанда Көкшетау қаласында жоғары сапалы жабдықтармен жабдықталған 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана мен онкологиялық емхана, Астанаға іргеліс аймақта 3 дәрігерлік амбулатория, Қосшы қаласында емхана, Целиноград ауданында алғашқы медициналық санитариялық орталық іске қосылды.

РКС: Жалпы, өңірде медицина саласының жақсы жамып жатқанын байқауға болады деді облыс әкімінің орынбасары. Хирургия саласында да маман ташылығы, қажетті медициналық қондырлығылармен қамту сұрақтары біртіндеп оң шешімін табуда. Осы ретте медицина саласының дамуына үлес қосып жүрген ақ халаттылардың бірқатары марапатқа ие болды.

ИНТЕРШУМ: марапаттау рәсімі

РКС: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атынан сөз сөйлеген Ұлықбек Медеубеков Ақмола облысының медицина саласы еліміздің басқа өңірлерімен табысты бәсекеге түсе алады деп оң бағасын берді.

СНХ: ҰЛЫҚБЕК МЕДЕУБЕКОВ, А.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2024 жылы аймақтың дәрігерлері медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және халық денсаулығын нығайту бойынша қойылған барлық міндеттерді орындайтын болады. Біздің басты мақсат: облыс тұрғындарын жедел, қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

РКС: Еліміздің бас нейрохирургі, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшулақов болса, көкшетаулық дәрігерлердің жұмысын жоғары бағалап, конференция ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

СНХ: СЕРІК АҚШОЛАҚОВ, ҚР БАС НЕЙРОХИРУРГЫ: Көкшетау қаласының медицина саласы халыққа ең жоғары сапалы көмек көрсететін үлкен медициналық ұжымға айналғанын өз көзімізбен көрдік. Және де болашағы өте зор елімізде үлкен орталық салынайын деп жатыр. Ойлаймын, бұл орталық көптеген облыстардың басын қосатын үлкен орталық болады деп есептеймін. Сондықтан, ашылатын орталыққа да үлкен табыс тілеймін.

РКС: Конференция қатысушылары хирург дәрігерлерге арналған мұндай ауқымды шараның Көкшетауда ғана емес, жалпы солтүстік өңірде алғаш рет өткізіліп жатқанын атап өтті. Екі күнге созылған шара дәрігерлерге арналған пленарлық отырыспен аяқталды. Бірнеше тақырып бойынша топ-топқа бөлінген ақ халаттылар медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ