ДИКТОР: Облыс аумағындағы бірнеше аудандарда көктемгі су тасқыны кезінде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу мамырдың 25-і мен шілденің 12-і аралығында өткізіледі. Ал қалған аудандардың түлектері тестілеуді 16 мамыр мен 5 шілде аралығында тапсырады.

РКС: Биыл облыс бойынша 11 сыныпты 5 мыңға жуық түлек аяқтайды. Оның ішінде 242 түлек "Алтын белгі" төсбелгісін алуға және 365-і үздік аттестатқа үміткер. Су тасқыны болған аймақтың оқушылары қорытынды емтихан тапсырудан босатылмайды. Тек өндірістік қажеттілікке байланысты бөлімді және тоқсанды жиындық бағалау тапсыру сәл кейінге шегерілмек. Жалпы су тасқыны кезінде облыстағы 4 білім ошағына зақым келді.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір 4 нысананы жөндеуге 600 миллионға жуық ақша бөлінеді деп жоспарланып отыр. "Ертөстік" балабақшасына 93 миллион теңге. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Атбасар ауданындағы жалпы білім беретін мектепке 228 миллион теңге ақша көзделіп отыр. Ол жерде демонтаждық жұмыстар жүріп жатыр. Қалған екі нысанамыз ол Жарқайың ауданы мен Атбасар ауданындағы лагерге әзірше сметалық құжаттар дайындалып жатыр.

РКС: Биыл облыстағы колледждерде 6,5 мыңнан аса студент оқуын бітіреді, оның ішінде 5 мыңға жуығы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алғандар. Алдын ала жұмысқа орналасу көрсеткіші 75 процентті құрайды. Жазғы демалыс кезеңінде облыс аумағында 20 лагерь жұмыс істейді. Су тасқыны салдарынан Атбасар ауданындағы «Есіл» мемлекеттік лагері бүлінген. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін демалыс орны уақытша жабылған. Қалған мемлекеттік және жекеменшік лагерлер қазір жазғы маусымның ашылуына дайындық жұмыстарын пысықтауда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ