ДИКТОР: Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары Бурабайда демалыс жатыр. Олар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына орналасқан. Биыл көктемгі су тасқыны халыққа оңай тиген жоқ. Дегенмен, ел басына күн туған шақта да, ел азаматтары бірлігі мен ынтымақтастығын көрсетіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза білді.

РКС: Жалпы орталыққа қызыл судан зардап шеккен алты облыстан балалар келген. Бұл Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бурабайдағы Балдәуренде демалып жатқандардың бірі - Полина Зиганшина. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылынан келген.

СНХ: ПОЛИНА ЗИГАНШИНА, ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫСЫ /СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ/: Бұл лагерьдегі 10-шы күнім. Бәрі жақсы, маған барлығы ұнап жатыр. Күн сайын бізде әртүрлі үйірмелер, іс-шаралар өтеді. Мысалы өткенде визитка, би және спорттық марафондар өтті.

РКС: Орталықта 6 рет тамақтану бар. Сауықтыру шаралары, экскурсиялар ұйымдастырылған. Оқу барысы үзілмеу үшін екі тілде жалпы білім беру бағдарламалары да қамтылған.

СНХ: ИРИНА ГЛИНОВА, «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ОҚУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жыл сайын бізде 16 ауысым өтеді. Әр ауысымның өзінің тақырыбы болады. Балалар үшін қызықты бағдарламалар дайындаймыз. Қазіргі уақытта орталықта су тасқынынан зардап шеккен 6 өңірден келген 288 бала бар. Олар барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілді.

РКС: Балалар республикалық оқу-сауықтыру орталығында толыққанды демалып, спортпен шұғылданып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ