ДИКТОР: Биыл көктемгі су тасқыны өңірдің бірнеше елдімекеніне біраз материалдық шығын әкелді. Қызыл су Көкшетау қаласына, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарына ең көп залал келтірген. Бұл аймақтарда төтенше жағдай режимі де жарияланды. «AMANAТ» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті.

РКС: Экологиялық кеңес отырысына бес ауданның әкімі мен орынбасарлары қатысты. Олар су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу, сондай-ақ нысандарды қалпына келтіріп, жөндеуге қатысты жасалып жатқан шараларды баяндады. Айталық, Атбасар ауданында 377, Жарқайың ауданында 187, Астрахан ауданында 190-нан аса, Бұланды ауданында 50 су үйді су басқан. Арнайы комиссия келтірілген шығын мөлшерін есептеп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі бір реттік көмекті алды.

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖҮНІСОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармның актісіне сәйкес 368 өтініш келіп түсті. Төлемдердің жалпы сомасы 135 млн. 865 мың 600 теңге. Бағалау жүргізуге және материалдық залалды өтеуге 168 өтініш түсті. Бұл Қылшақты өзенінің тасуы салдарынан зардап шеккен баспаналар. Комиссия 55 өтінішті қараудан бас тартты. Бағалау жүргізуге 112 өтініш жіберілді. 101 өтініш бойынша 51 млн.382 мың 350 теңге төленеді. Баспаналарға келтірілген шығынның мөлшері 700 мың мен 1,5 миллион теңгенің шамасында.

РКС: Экологиялық кеңес отырысында «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы да талқыланды. Жол картасын жүзеге асыру аясында Қылшақты өзенін тазалау мәселесі қозғалды. Жұмыс тобы құрылған. Бұған дейін өзен арнасын тазарту жобасына облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жауапты болып келген еді. Енді бұл жұмыс өзге жауапты тұлғаларға тапсырылмақ.

СНХ: БОЛАТ ТОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2022 жылы Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының балансына өтті. Былтыр 4-ші кезек бойынша бойынша тазалау жұмыстары басталды. Қазір Қылшақты өзені бойынша жұмыстар толығымен Көкшетау қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне берілді.

РКС: Айта кетейік, Көкшетау қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккен аймақта 89 тұрғын үй жарамсыз деп танылды. Қазір 26 пәтер табысталды. Тағы 15 пәтердің құжаттары рәсімделіп жатыр. 50 тұрғын үйге қатысты техникалық тексеріс аяқталды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ