ДИКТОР: Зеренді ауданындағы «Парус» сауықтыру орталығының аумағында «Думан» педагогикалық жасағының вожатыйларға арналған халықаралық инструктивті лагері басталды. Мұндай шара кең көлемде алғаш рет ұйымдастырылуда. 17-19 мамыр аралығында вожатыйлар жоғары білікті мамандардан практикалық және теориялық білім алады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Думан» педагогикалық жасағында білім алушылар 26 бағыт бойынша дайындықтан өтеді. 9 айда алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Осы слет аясында ТМДға кіретін екі елмен әріптестік туралы меморандумға қол қойылады.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Инструктивті лагерь үш күнге жалғасады. Бұл нақты практикалық курстар. Биыл біз Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің вожатыйлық волотерлық қозғалысын шақырдық. Инструктивті лагерь аясында меморандумға қол қойылып, өзара тәжірибе алмасамыз. Яғни, аталмыш елдердің вожатыйлары бізге келіп, отандастарымыздың қалай жұмыс істейтінін көре алады. Сол сияқты қазақстандықтар Қырғызстан мен Өзбекстанға барып сол жақтағы әріптестерімен таныса алады.

РКС: Қазіргі таңда облыс аумағында 20 лагерь бар. Олардың басты мақсаты: жазғы маусымның ашылуына мықтап дайындалу. Сауықтыру лагерьлеріндегі вожатыйлардың басты міндеті балаларды қарсы алу, демалыс бойы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бос уақыттарының тиімді өтулерін ұйымдастыру.

СНХ: МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бүгінгі таңда вожатыйлар - жәй ғана тәлімгер емес. Олар 3 ай бойы балаларды шабыттандырып, жаңа нәрселер үйретіп, бойларына отансүйгіштік қасиеттерді дарыта білетін маман болулары тиіс. Сонымен қатар, балалардың жаңа достар табуларына, топта жұмыс істеулеріне, сайыстар мен шығармашылық кештерде өздерін жан-жақты танытуларына мүмкіндік жасаулары керек.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көршілес елдерден келген мамандарды «Думан» педагогикалық жасағындағы вожатыйлардың ауызбіршілігі таң қалдырды. Олар тәжірибе алмасудың қызық болғанын атап өтті.

СНХ: САБИНА БЕЛАШОВА, ӨЗБЕКСТАН ВОЛОНТЕРЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ: Біз мұнда тәжірибе алмасу үшін келдік. Өйткені, «Думан» педагогикалық жасағының бағдарламасы өте қызық, Өзбекстан аумағында мұндай жасақ жоқ. Бізді шақырған ұйымдастырушыларға рахмет!

РКС: «Думан» педагогикалық жасағының ерекшелігі практиканттарды профессорлар, медициналық қызметкерлер мен төтенше жағдай саласының мамандары үйретеді. Ал, қыркүйек-мамыр айларының аралығында аптасына екі рет ұйымдастырылатын жиындарда болашақ вожатыйлар алған білімдерін іс жүзінде дәлелдейді. Аталмыш халықаралық шара бұл бағыттағы жаңашылдықтардың аздық етпейтінін дәлелдеді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ