ДИКТОР: «Ел бірлігі» жобасы аясында Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты 1-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының мүшелері, қоғам өкілдері, студенттер қатысты.

РКС: Татарлар мен башқұрттар – Қазақстандағы ең көп этностың бірі. Олардың 17 мыңға жуығы Ақмола облысында тұрады. Конференция аясында татар жазушылары мен журналистерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.

СНХ: РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз қазақ халқының игілігі үшін тығыз жұмыс істеудеміз. Этносаралық ынтымақтастыққа өз үлесімізді қосудамыз. Осы қазақ жерінде тілімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап, тәту ғұмыр кешудеміз. Татар тілін оқытатын орталық бар. Біз татарлар бірлестігі журналистер мен жазушылардың көмегімен облыс және Қазақстан татарлары туралы 4 кітап шығардық. Ал Ибрагим Низамұлы Салаховтың еңбегін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен демеушілеріміздің көмегімен қазақ тіліне аудардық.

РКС:Ғылыми-практикалық конференция аясында «Тарих және мәдениет», «Тіл және әдебиет» секциялары бойынша пленарлық отырыс өтті. Ғалымдар баяндама жасады. Айта кету керек, олардың еңбектері тарат мәдениетіне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Мұндай конференция халықтың санасына жалпыадами құндылықты сіңіруге ықпал етпек. Конференцияға жиылғандардың пікірі осындай.

СНХ: ТАУФИК КӘРІМОВ, «ТАТАРЛАР МЕН БАШҚҰРЛАР КОНГРЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақ жерін мекендеген әр ұлт өкілінің өз тілін сақтауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Қоғамдық негізде осы жұмысты үйлестіріп жүрген ерекше жандардың бар екенін ерекше атап өткім келеді. Олар Қазақстанның және өз этносының нағыз патриоттары. Олардың жұмысына шынайы ризашылығымды білдіремін.

РКС:Конференцияның жалғасы ретінде 18-ші мамырда Мұса Жәлелдің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою жоспарланған. Сонымен бірге Бурабай курортты аймағын араламақ. Айта кетейік, келер жылы Көкшетауда халықаралық сабантой өткізу межеленіп отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ