ДИКТОР: Тазалық өзімізден басталады десек те, демалыс орындарында уақыт өткізгеннен кейін жинамай кете беретіндер азаяр емес. Өкінішке қарай, қаланың келбетін бұзып, шашылып жатқан қоқыстарды көруге етіміз үйренген. Осы олқылықты аз да болса реттеу мақсатында облыстық балық инспекциясының қызметкерлері қала белсенділерімен бірге Қопа көлінің жағалауын қоқыстан тазартты. Бұл шара «Таза су айдындары» акциясы аясында қолға алынған. Ол Көкшетауда ғана емес, жалпы облыс аумағында өтеді. Қопа көлін тазартқаннан кейін белсенділер Шағалалы, одан кейін Сілеті су қоймасына барады.

СНХ: НҰРЛАН КЕУЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мынау Зеренді ауданына қарасты Қопа көлінің қаламызды ішіндегі ең жақын орны, елдің келетін жері. Сондықтан, біз жыл сайын ұйымдастырамыз «Таза су айдындары» акциясын. Жағаны тазартып , осы қалалықтарды тазалыққа шақырамыз. Бүгінгі мына ұйымдастырып жатқан шараға 20 адам қатыстырылып жатыр қащіргі таңда. Еріктілер де бар арамызда, қызметкерлеріміз де бар. Барлығымыз ұйымдастырып осы акцияны өткізіп жатырмыз.