ДИКТОР: Тәуелсіздік таңымен бірге тарихи маңызға ие жер, су атаулары қайтарылуда. Кеңес үкіметінен бері өзгермеген ескі көше атаулары да жаңғыртылуда. Әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын қалдырып кеткен кербез ақын Марфуға Бектемірова. Щучинск қаласында өзі білім алған №9-шы мектеп-гимназиясы орналасқан көшеге ақынның есімі берілді. Айтулы шараға орай қазақтың аяулы дарынды қызына жерлестері ерекше құрмет көрсетті.

РКС: Көшенің ашылу салтанатына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған зиялы қауым өкілдері, әдебиет ғылымының майталмандары мен ақынның жақындары жиналды. Салтанатты шара басталмас бұрын қаламы ұшқыр ақынның еңбектері қойылған көрме ұсынылды. Ол жерге ақынның 30-дан астам кітабы мен жинақтары қойылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӨТЕЛБАЙ БЕЙСЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы көшенің атын Марфуға Бектеміроваға бердік. Ономастикалық коммиссияда қаралып, бір ауыздан қаралып шешім қабылдадық. Естелік қалсын, тарихта аты қалсын, үлгі алсын деген ниетпен осындай іс-шара жасадық. 2 жылда мараторий болды да көп ауыстырған жоқпыз. Оның алдында 74 көшенің атауын 1 рет, соданкейін 30. 100-ден астам көшенің атауын ауыстырдық.

РКС: Марфуға Бектемірова өзінің туған өлкесін ерекше көркем, бар махаббатымен жырлап кеткен ақынның бірі. «Көңіл әуендері», «Арман қанатында», «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтары мен «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек» сияқты еңбектері бар. Қазақстанның мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, Марфуға Бектемірованың жұбайы Есенгелді Сүйінов игі істің жастарға берері көп екенін атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕСЕНГЕЛДІ СҮЙІНОВ, МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВАНЫҢ ЖҰБАЙЫ: Бұл өскелең ұрпақты әсіресе мектепте оқып жүрген оқушыларды өзінің тарихын білуге, атақты адамдарынан үлгі алуға, патриоттыққа тәрбиелейді. Сол себепті бүл іс өз жалғасын таба беру керекБұл жанашыр адамдардың, ұлт жанды азаматтардың бастамасымен болған игі іс шара. Жалпы алғанда жергілікті тұрғындарының талап-тілектеріне сәйкес орын алған дүние.

РКС: Былтыр мектеп оқушылары ономастика ғылымын тереңінен зерттеп, қала көшелерінің атауларын тұрғындар арасында талқыға салу мақсатында түрлі бейнежазбалар түсіруді қолға алған. Сонымен қатар репортаждар түсіріп, ғылыми жоба жазғандары да бар. Соның бірі ақын білім алған мектеп-гимназияның оқушысы- Мадина Естаева.

СНХ: МӘДИНА ЕСТАЕВА, №9 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Көбінесе адамдар біле бермейді кімінің атына, не үшін берілгені. Бірақ осы нәрселердің бәрін білуіміз керек. Себебі, ол біздің тарихымыз. Осы ғылыми жоба аясында өзіміздің инстаграмм парақшамызды ашқан болатынбыз. Күніне 30-40 оқырман жинап, 20-дан астам репортаж жасадық. Соның нәтижесінде біз болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз деген ойдамын.

РКС: Щучинск қаласында 2 мыңға жуық көше атауы бар. Соның басым бөлігінің атауын өзгертуді қазіргі заман талап етіп отыр. Десе де оң үдеріс байқалады. Көш жүре түзеледі,-дейді жиылған қауым.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ