ДИКТОР: Көптеген әндердің авторы мен орындаушысы Юрий Айтжановтың есімі әлі күнге дейін ақмолалықтарға ғана емес, шетелдіктерге де әйгілі. Оның репертуарында Евгений Евтушенко, Николай Доризо, Расул Гамзатов, Кәкімбек Салықов сияқты ақындардың өлеңдеріне жазылған 80-ге жуық ән бар. Биыл оның 70 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

РКС: Еске алу кеші Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда өтті. Оның барысында жергілікті өнерпаздар Юрий Айтжановтың танымал әндерін орындады. Сондай-ақ, шараға жиналған дарынды жерлесіміздің туған-туысқандары мен достары оның өмірлік және шығармашылық жолын еске алды.

СНХ: ӘЛИЯ АЙТЖАНОВА, ЮРИЙ АЙТЖАНОВТЫҢ ӘПКЕСІ: Юрий біздің кенжеміз. Отбасымыздың мақтанышы. Музыкалық білімі болмаса да, қазақ, орыс тілдерінде 100-ден астам ән жазған. Әйгілі ақындардың өлеңдерінен ән шығарған.

РКС: Музыканттың танымал әндері кешке келген тыңдаушылардың жүрегінен шықты. Бұл күні талантты автордың туындылары бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады.

СНХ: МАРА ЕСМҰХАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ,: Юрий Айтжанов өзі ерекше жан еді. Халық құрмейттейтін, талантты, біртуар азамат. Әндерімен, әсіресе, Кәкімбек Салықовтың «Сағыныш» әнін өзіміз де орындап жүрдік. Осы филармонияның да біраз жыл бойы директоры болды. Өнерге сондай жақын адам болды.

РКС: Юрий Айтжанов өмірден озғаннан кейін «Уговори меня остаться…» әнінің сөздері жаңаша түсініледі, - дейді тыңдармандары.

ИНТЕРШУМ: исполнение песни «Уговори меня остаться…».

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ