ДИКТОР: Көкшетауда «Жеңіспен соғыс аяқталды» фотодеректі көрме өтті. Шара жеңіс күні мен Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналды.

РКС: Көрмеде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық училищесі Щучинск филиалының сарбаздары болды. Шарада соғысқа қатысушылардың ерліктері мен өмір тарихы айтылды.

СНХ: ҚОРҒАНБЕК САНСЫЗБАЕВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ҰЛЫ:

СНХ: ГҮЛНӘР САҒЫМҚЫЗЫ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ҚЫЗЫ:

РКС: Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске ақмолалықтардың қосқан үлесі мұрағат құжаттарында кеңінен көрініс тапқан. Облыс аумағында 3 атқыштар және 1 атты әскер дивизиясы құрылып, майданға жіберілген.

СНХ: ЕРНАРБИ МЫРЗАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ САРБАЗЫ:

РКС: Көрмеге соғыс жылдарындағы батырлар, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың соғыс және бейбіт жылдардағы фотосуреттері мен өмірінен сыр шертетін суреттер қойылды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА КӨКШЕ АҚПАРАТ