ДИКТОР: Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында ер азаматтар арасында дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Шараға жеті қырлы, бір сырлы, белсенді жігіттер қатысты. Олар өздерінің шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық дайындықтарын көрсетті. Қызықты доданы арна тілшілері де тамашалады.

РКС: «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы қазақтың тарихы мен дәстүрін насихаттауға бағытталған. Қатысушылардың барлығы өз білімдерін ортаға салды. Алғашқы кезең – таныстыру. Одан кейін шығармашылық бөлім басталып, жігіттер ән шырқап, өлең оқыды.

ИНТЕРШУМ: әннен үзінді

СНХ: ЖЕҢІС ТАҢАТҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Байқауға мектеп оқушылары, университет, колледж студенттері мен 5510 әскери бөлім сарбаздары қатысты. Әрқайсысы өздерінің жақсы қырларын көрсетіп, бар өнерлерін паш етті. Әрине, ұлттық дәстүрлерден үзінділер де қойылды. Спорттық сайыс болсын, дәстүр болсын, қатысушылар әр бөлімде ұлттық нақыш пен заманауи әдістерді қолданды. Меніңше, байқау керемет деңгейде өтті.

РКС: Шығармашылық бөлімнен кейін қатысушылар интеллектуалды додаға қатысып, викторина сұрақтарына жарыса жауап берді. Байқаудың соңғы кезеңінде жігіттер нағыз ер мінезге тән қасиеттерін көрсетіп, кір көтеруден мықтыны анықтады.

СНХ: РАХАТ САБЫРОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ 0094 00:09-00:19//қазақша//Бүгінгі «Жігіт сұлтаны» сайысында бірінші орын алдым. Қарсыластарым өте мықты болды барлығы. Осындай сайыстар көп болса деймін.

СНХ: ҰЛАРХАН БЕГЕЖАН, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ: Жігіт сұлтанында сайдың тасындай іріктелген мықты-мықты Көкшетау өңірінің жігіттері қатысты. Және де соның шын мықтысы жеңіске жетті. Оны барлығы мойындайды, барлығы көрді. Енді соның арасынан жүлделі үшінші орын алдық. Оған шүкір. Қазақтың жігіттері жасай берсін! Қолдап келген достарыма, жігіт сұлтанын ұйымдастырып жатқан барлық басшылықтарға, көкшетаулық ағаларымызға өз алғысымызды білдіреміз.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша "Жігіт сұлтаны-2024" атағына Көкшетау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы Рахат Сабыров лайық деп танылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанты Асхат Кеңес екінші орынға тұрақтаса, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ұлархан Бегежан мен № 3 Дарын мектеп-интернатының оқушысы Әлімжан Нұрлы үшінші орынды өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ