ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Марат Ахметжанов әскери қызметкерлерді мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Тілші бейнематериалында толығырақ.

ИНТЕРШУМ: мерекелік марш

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов әскери бөлімнің жеке құрамын отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Өңірде болған тасқын кезінде белсенді жұмыс атқарған 26 әскериге ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

ИНТЕРШУМ: алғыс хат табыстау сәті

РКС: Сонымен қатар, облыс әкімі Аршалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ержан Бердімұхамедовті «1 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда біздің әскер жоғары әскери дайындықпен, мобилизациялық резервімен, ұлттық әскери оқу орындары желісімен және қажетті материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметкерлеріміз жоғары кәсіби шеберліктің, ауызбіршіліктің үлгісі. Қарулы күштердің қатарында әскери борышын өтеу әр қазақстандық үшін құрметті іс, отансүйгіштіктің, адамгершіліктің белгісі болып саналады.

СНХ: СӘКЕНТАЙ ШЕКАРБЕКОВ, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫСЫ: Ел басына күн туған кезде ұлттық ұланның жауынгерлері етікпен су кешіп, кірпік қақпай, күні-түні су тасқынымен арпалысып, еліміздің амандығы үшін өздерінің қызметтік жауынгерлік міндеттерін адал атқарды. Ардақты ардагерлер мен ұлттық ұланның жауынгерлері мереке күні сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отыра, еліміздіңжарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс тілеймін.

РКС: Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде жыл сайын 1500ға жуық адам әскери борышын өтейді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ