ДИКТОР: Қосшы қаласында «ALAN» мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы. Жаңа ғимарат тәулігене 300 адам қабылдай алады. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Қосшы қаласының тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Себебі, спорт орталығының ашылуын балалар мен тұрғындар асыға күткен. Ата-аналар енді балаларамыз елордаға қатынап әуре болмайды деп отыр. Мұнда спорт сүйер тұрғындар күрес, футбол, волейбол, баскетбол және велоспортпен шұғылдана алады. Сонымен қатар, бұл спорт кешенінде балалар мен ересектерге арналған бассейн бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Айта кетейік, жаңа нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді. 2188 шаршы метрді құрайтын спорт кешенін "Аk construction company" серіктестігі салды.

СНХ: ДАНИАЛ НАБИЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Жас ұрпақ үшін салауатты өмір салты әрқашан жақсы. Әрі дұрыс. Жобаны іске асыру 12 айға жоспарланған болатын. Біз уақытында аяқтадық.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сондай-ақ, шаһарда еліміздің ең соңғы үлгідегі мәдени-спорт орталығы салынып жатыр. Аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын жобаның құны 9 млрд теңге. Нысан білім беру, мәдени және спорттық 3 блоктан тұрады. Сонымен қатар, орталықтың аумағында кинотеатр, террасаға шығатын асхана және коворкинг-аймақтар ашылмақ. Қосшы қаласына жұмыс бабымен барған аймақ басшысы Марат Ахметжанов бұл әлеуметтік жобаның маңыздылығын атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мәдени-спорт орталық жыл соныңда есігін айқара ашпақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ