ДИКТОР: Биыл жерлестеріміз, Қазақстанның қос батыры, Кеңес Одағының қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Атаулы күнге орай облыста бірқатар шаралар өтуде. Көкшетаудағы Достық үйінде соғыс ардагерлеріне арналған деректі фильмдер кеші мен тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мемлекеттік мұрағат материалдары бойынша дайындалған фотокөрмеде Сағадат Нұрмағамбетовтың соғыс кезіндегі және одан кейінгі фотосуреттері қойылған. Көрмені тамашалауға қалалық студенттер жиылды. Кейін жастар Достық үйіндегі кино кешін тамашалады. Мұнда Жеңіс күніне орай қазіргі батырлар туралы деректі фильмдер көрсетілді. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, батырларға деген құрмет сезімдерін ояту.