ДИКТОР: Облыстық қоғамдық кеңесі қаланың мектеп асханаларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ өкілдері №13 мектеп-гимназиясында, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясында және № 21 орта мектеп-лицейінде тамақ блоктарының жұмысымен танысты.

РКС: Мектеп асханаларында тамақпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарға алынған. Сараптамалық топтың міндеті – мектеп асханаларының қызметіне жүйелі мониторинг жүргізу, оның сапасын бақылау. Оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Бүгін біз 13-ші "ЭКОС" мектебіндеміз. Мұнда тамақтану мәселелерін қарастырамыз. Су тасқынына байланысты қандай жағдай туындағанын білеміз. Су тасқынымен бірге пестицидтер де суға кетті. 13-ші мектептен алынған алғашқы әсер жаман емес. Барлығы таза, ұқыпты. Айтар ұсынысымыз бар. Шағымдар және ұсыныс кітапшасы жоқ. Осының бәрін біз тәрбие жөніндегі меңгерушіге айттық. Олар су сынамалары журналын көргісі келді, қазір су өзекті мәселе, ол да жоқ. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз - ескерту. Мониторинг жүргізу

РКС: Мониторингтік топ өкілдері өткен жылмен салыстырғанда мектептегі тамақтану саласында оң өзгерістер байқайтынын атап өтті.

СНХ: ОЛЕСЯ ЖАГПАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Өткен жылдары ата-аналардың тамақтануға қатысты шағым түсті. Тамақ сапасы сын көтермейді. Балалар тамақтанудан бас тартты. Тіпті тағамның өзі жиіркенішті көрінген. Шын мәнінде солай болып шықты. Біз тексерулер жүргіздік, шаралар қолдандық. Қазір жағдай түзелді.Біз үшін біріншіден, тамақтануды ұйымдастырылуы маңызды. Яғни, гигиена. Тағамның сапасы, оның әртүрлілігі маңызды. Ол витаминдеуден өтуі керек. Зал қаншалықты эстетикалық, соны қараймыз.

РКС: Қоғамдық кеңес мүшелері бұл жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Мониторингтік топтың өкілдері оларға келіп түскен барлық өтініштерге ден қояды. Тексерулерден кейін мекемелердің нәтижелері мен ұсыныстар тиісті мекемелерге жіберіледі.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ. ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ