ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусында Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамдетовтің 100 жылдығына арналған облыстық сап түзеу және ән байқауы өтті. Оған қалалар мен аудандардан 19 команда қатысты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ: Сап түзеуден фрагмент

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов осындай шаралардың өткізілуі жастарға рухани тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулудың негізі екенін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық маңызды іс-шаралардың өтуін Халық Қаһармандары, соғыстың ауыр тікенегін басынан өткерген алғашқы болып Рейхстагқа жауынгерлік ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевпен Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойларына байланысты өткізілуін атап өтті! Даңқты жерлестердің жетістіктері мен сіңірген еңбегі сіздер үшін ерлік, батылдық пен адалдықтың жарқын үлгісі болуы керек! Бүгін біз - Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағы да бір рет тағзым етіп, алғыс айтудамыз. Бабаларымыздың майдандағы жасаған баға жетпес батырлығының арқасында – біз бейбіт, бақытты өмір сүрудеміз. Жастарымыз - осы даңқты бабаларымыздың өмір жолын жалғастырып,біліммен, жетістіктерімен ұлттық рухты ңығайтып, ел дамуына лайықты үлес қосады деп сенемін.

РКС: Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді. Аталмыш іс-шарада 2 қала мен 5 ауданнан 300-ден астам студент өздерінің тыңғылықты дайындықтарын көрсете білді. Кейбір білім алушылар биыл киім үлгілерін талапқа сай арнайы тапсырыспен тіккізген. Осындай топтардың бірі - Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінен келген "Тұмар" қыздар құрама командасы.

СНХ: БИБІНҰР ҚАЙЫРБЕК, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Тұмар" клубының командирі болып 3 жыл бойы басқарып келе жатырмын. Жалпы, осы ән және сап түзеу байқауы жастарымызға өшпес рух және де осындай біздің тарихымызға қалдырып кеткен бабаларымызды ұмытпауға өте көп көмек тигізеді.

ИНТЕРШУМ: Ән байқауынан үзінді

СНХ: САЯН ОРАЗАЛЫ: Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған жарысқа жақсы дайындықпен келдік. Және біз Республикалық дайындалып жүрміз. 1-ші орын алуға сенімдіміз Ақмоланың атынан шығып. Мұндай байқаулар патриоттық сезім сыйлайды.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша ұлдар арасында бірінші орынды Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің "Айбын" командасы жеңіп алды. Ал, екінші орынды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің жігіттері иеленді. Үздік үштікті Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің тобы еншіледі. Қыздар арасында бірінші орынды Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің командасы, ал екінші орынды Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қыздары еншіледі. Үшінші орынды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің арулары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов Жеңіс күні мерекесі қарсаныңда Щучинск қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Арсентий Шудлякты құттықтап, 3 миллионның қаржылай сертификатын табыстады.

ИНТЕРШУМ: Ардагерге қаржылай сертификат табыс етуден фрагмент

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ