ДИКТОР: Отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, білім берудегі ұлттық құндылықтар мен тарих. Бурабайда өткен «Бурабай өлкесі - ұлттық құндылықтардың шығармашылық аймағы» форумында осы тақырыптар талқыланды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен жазушылар, профессорлар, мәдениеттанушылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

РКС: Форумда мұғалімдер мен оқушылардың инновациялық және креативті жобалары ұсынылды. Қатысушылар ұлттық әндер мен күйлер жинағымен, ата-аналар мен мұғалімдер фольклорлық ансамблінің шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, шарада балаларды тәрбиелеудің, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызды әрі негізгі тұстары қозғалды.

СНХ: ӨТЕЛБАЙ БЕЙСЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ БИЛЕР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қай жағынан алып қарасақ та, бүгінгі іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеудің үлкен жолын көрсеткендей, оны әрі қарай дамытуымыз керек. Бұл жақсы үрдіс деп ойлаймын, қолға алынған, пандемия кезінде үзіліп қалып еді, бірақ қайта жалғасып жатыр, жалғасын тапты.

РКС: Қазақстан тарихын оқытудағы қазіргі ахуал, рухани-мәдени мұраны жинау мен сақтаудың өзектілігі, қыздар арасындағы буллинг, оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылықтардың сабақтастығы мәселелері форумның панельдік сессияларында қаралды. Ата-аналар мен педагогтарға жас ұрпақтың бойына отбасылық және ұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұған көп көңіл бөлу керек, - дейді шараға қатысушылар.

СНХ: БИЖАН ИГЕМБАЕВА, INTELLECTUAL ДАМЫТУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облыстық білім басқармасы мен «Ұлттық құндылытар академиясы» қоғамдық бірлестігінің арасында меморандумға қол қойылған. Біз «Ұлттық құндылықтар академиясының» қоғамдық бірлестігі ретінде құрған мақсатымыз – білім беру жүйесіндегі құндылықтарды дәріптеу. Білім мазмұнын осы құндылықтарға негіздеу. Бұл одан да терең жұмыс. Білім беру саласындағы әзірленіп жатқан стандарттты оқу құралдары деген нәрсе олардың ішкі мазмұны неге сүйенеді деген сұраққа жауап беру. Ұлттық құндылықтарға сүйенетін болса, өзіміз куә болып отырған қаншама баланың зердесі ашылып, санасы оянып, сөйлеу тілі жарқын, айқын болып тұр. Осы жұмысты жүйелі түрде іске асыратын болсақ, мемлекет тарапынан қолдау тауып, құндылықтардың өзіндік жүйесі құрылып, арнасына түсетін болса, әрбір педагогтың ізденетін зерттеу тақырыбына айналатын болса, үлкен істің жолын тапқаны деп түсінетін едік.

РКС: Форум қорытындысы бойынша №9 мектеп-гимназиясын өңірдегі ұлттық құндылықтар орталығына айналдыру ұсынылды. Бұл бастама өз қолдауын тапты.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.