ДИКТОР: Көкшетаудағы Қажымұқан спорт кешенінде жаттығатын жасөспірім боксшылар Қостанай қаласында өткен Халықаралық турнирде екі алтын, үш қола медаль жеңіп алды.

РКС: Қостанай шаршы алаңында Олимпиада ойындарының жүлдегері әлемге танымал боксшы Александр Мирошниченконы еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Осынау байрақты бәсекеде жерлестеріміз жарқырап көрінді. Бұл бапкерлер еңбегінің нәтижесі болса керек.

СНХ: ДАСТАН САХИ, БАПКЕР: Халықаралық турнирде бірнеше мемлекеттің жасөспірім боксшылары күш сынасты. Олардың арасында біздің облысымыздан болашағынан үміт күттіретін бірнеше спортшы болды. Турнирде жеңіске жеткендер спорт шеберлігіне үміткер атағын алды.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Халықаралық турнирдің мәртебесі биік...

ИНТЕРШУМ: БОКСТАН ҮЗІНДІ

РКС: Елу келі салмақта сынға түскен Серік Біләловтың шәкірті Мадияр Әскертаев алтыннан алқа тақты.

СНХ: МАДИЯР ӘСКЕРТАЕВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Жарысқа жақсы дайындықпен бардым. Қарсыластарымның айла-әдістерін бапкерім екеуміз алдын-ала зерттедік. Нәтижесінде, жеңіске жеттім.

РКС: Алпыс екі келіде тағы бір жерлесіміз жеңістің биік тұғырына көтерілді.

СНХ: ҒАЛЫМ МӘДИ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Бапкерім Ерлан Ғазизов әр жарысқа тыңғылықты дайындайды. Күніне 2 реттен жаттығу жасаймыз.Соның арқасында жеңіске жеттім.

РКС: Қостанай шаршы алаңында қанжығамызға үш қола медаль түсті.

СНХ: ӘЛІШЕР СӘДУАҚАСОВ, ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ: Бапкерім Дархан Сахидың ақыл-кеңесін бұлжытпай орындаймын. Олар қарсыластың әдіс-айласын алдын-ала айтады. Соның нәтижесінде, шеберлігімді шыңдап келемін.

РКС: Сексен келіден жоғары салмақта сынға түсіп жүрген Кирилл Курятаның соңғы кездегі жетістіктері оның болашағынан мол үміт күттіреді.

СНХ: КИРИЛЛ КУРЯТА, ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен әкем, Денис Курятаның қарамағында жаттығамын. Ол маған екі есе жүк артып, қатаң талап қояды. Халықаралық турнирде қола медаль алдым. Онымен тоқтап қалмаймын.

РКС: Өңір боксшыларын алда бірнеше жауапты жарыстар күтіп тұр.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ