ДИКТОР: Облыстың 6 ауданында ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің сайлау өтті. 6 аудандық және 14 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Округтер бойынша барлығы 23 кандидат ұсынылды. Оның 19-ы тіркеліп, сайлау бюллетеніне енгізілді.

РКС: Дауыс беруге 5000-нан астам сайлаушының 3641-і қатысты. Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінде таңертең азаматтар белсенділік таныты. Онда сайлаушылардың 82,98 процентті өз таңдауын жасады. Бұл - ең жоғарғы көрсеткіш.

СНХ: АЛЬБИНА АЛЕКСЕЕВА, № 548 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда бізде 726 сайлаушы бар, олардың 6-ы бірінші рет дауыс берушілер. 19 адам сайлау учаскесінен тыс жерде, яғни үйлерінде дауыс беретіндер. Сайлау штаттық режимде өтеді, белсенділік жақсы. Тұрғындар көңілді.

РКС: Викторовка ауылының тұрғыны Өміртай Қабиданұлы белсенді азамат. Ол дауыс беру үшін бүкіл отбасымен сайлау учаскесіне келді.

СНХ: ӨМІРТАЙ ҚАБИДАНҰЛЫ, ВИКТОРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін әкім сайлауы өтуде. Біз өз таңдауымызды жасауға келдік, бүкіл халыққа дауыс беру өте маңызды. Халықта бәрі жақсы болғанын тілейміз, Біздің ауыл өркендей берсін.

РКС: Жалпы Викторов ауылдық округінде 3 кандидат тіркелді. Олардың барлығы өзін-өзі ұсынған.

СНХ: МАРИНА МАЙЕР, № 550 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде 183 дауыс беруші бар, олардың 2-уі бірінші рет дауыс береді. Адамдар келіп жатыр.

РКС: Дауыс беру қорытындысы бойынша Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округіне - Арлан Абжанов, Аршалы ауданының Ижевка ауылдық округіне - Дмитрий Чернов, Атбасар ауданының Сепеев ауылдық округіне - Мейрам Тасимов, Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылына - Айтан Башенов, Сандықтау ауданының Ақсоран ауылдық округіне - Елена Уткова, Целиноград ауданының Қызылсуат ауылдық округіне - Оразбай Салменов әкім болып сайланды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.