ДИКТОР: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында "Көкшетау Энерго" серіктестігінде салтанатты іс-шара өткізілді. Ұжым үшін дастархан жайылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мереке барысында қызметкерлерге жаңа автокөліктер мен арнайы техниканың кілттері табысталды.

РКС: Мерекелік іс-шарада Көкшетау қаласының аудандық бөлімшелері мен электр желілерінің қызметкерлеріне 15 автокөліктер мен арнайы техника табысталды. Биыл жылу желілерін жөндеу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта 30 автокөлік, оның ішінде арнайы техника сатып алу жоспарлануда.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Жөндеу науқанын осы айдың 13-інен бастаймыз. Осы уақытқа дейін де жұмыс жүргізіліп келді. Айта кету керек, мұнда 15 жеңіл автокөлік пен автоманипулятор бар. Ол жүк көлігі де, автокранның да қызметін атқарады.

РКС: Серіктестік қызметкерлерін алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Атыс және арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ұжымның әйелдері мен әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушылары мерекелік концерт дайындады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НАТАЛЬЯ УШАКОВА, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ОРТАЛЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: Кәсіпорынның барлық әйелдерінің атынан, диспетчерлік қызметтің және өз атымнан барлығын Отан қорғаушылар күні мерекесімен, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын. Сіздер ыстықта, суықта, жаңбырда, боранда да жұмыс істейсіздер. Күндіз де, түнде де. Сіздер нағыз патриотсыздар. Себебі, тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету маңызды.

РКС: Электр желілері ұжымы үшін әскери шатырда мерекелік дастархан жайылды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.