ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында тұратын соғыс ардагері Казимир Беймарт пен тыл ардагері Майра Әбілпейісованы үйлеріне барып, жеңіс мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы ардагерлерге сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

РКС: Тыл ардагері Майра Әбілпейісова Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Жұмысшы ауылының тумасы. Мектепте небары 7 сыныпты аяқтап, еңбекке ерте араласады. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде шөп шауып, бұқамен жер жыртып, кейін бірнеше жыл трактор да жүргізді. Ерен еңбегі еленіп, тыл және еңбек ардагері атанды. Кейуана бүгінде 100 жасқа толып отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Еліміздің құт берекесі, қазақ халқы үлкендерін құрметтеген, сыйлаған. Әр ананың орны бөлек. Балаға ананың махабатындай болмайды. Шекер десе бал берген жая десе жал берген. Алақанына салып өсірген осы күнге жеткізген сізге бар халық 100ге келді деп қуанып жатыр.

РКС: 9 бала өсіріп, тәрбиелеген еңбек ардагерінің жастарға айтар ақыл кеңесі көп.

СНХ: МАЙРА ӘБІЛПЕЙІСОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ: Арты қайырлы жақсылық болып, жастар өсіп өніп, өмірдің жақсы қызығын көріңдер, реніш көрмеңдер. Өткенді ұмытпау керек, ауыр кезең болды.

РКС: Көкшетау қаласында қалған жалғыз соғыс ардагері Казимир Беймарт биыл 98 жасқа толмақ. Ол соғыс жылдары Прибалтика майданында 1128-ші атқыштар полкының сапында болды. "Ерен еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған. Соғыс ардагері Казимир Беймарттың құрметіне жақында ол тұратын үйдің ауласы, подъезді жөнделіп, арнайы қабырға тақтасы ілінді. Өңір басшысы Марат Ахметжанов ардагерлеріміздің отаншылдық, адамгершілік қасиеттері жастарға үлгі өнеге екенін атап өтті.

М.АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ