ДИКТОР: Не? Қашан? Қайда? Отан қорғаушылар күні қарсаңында 5510 әскери бөлімінің сарбаздары үшін инттелектуалды ойын өткізілді. Ұйымдастырған облыстық жастар ресурстық орталығы. Негізгі тақырыбы - Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығы. Бұдан бөлек кино, музыка және қызықты деректер. Қойылған сұрақтарға жігіттер жағы алма-кезек жауап-беріп, сайысқа түсті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Міне, интеллектуалдық ойынға қатысқандарға осы сынды викториналық сұрақтар дайындалған. Жалпы, байқауда 15 құрама өзара мықтыны анықтады. 70-жуық үміткерге 5 бағыттан сүрінбей өту қажет. Сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған «Алаш ұрпақтары» командасы жеңіске жетті.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШАХАЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРІ: Ойын өте жақсы болды. Өзімізге ұнады. Сұрақтар жеңіл болды. Шаралар көп болған жақсы. Бізге қызықты.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Мұндай жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы 5510 әскери бөлімінің сарбаздарымен алдағы уақытта да көптеген шара ұйымдастырамыз. Бұл ойынға 15 команда қатысты. Жалпы 70-тен астам сарбаз ойынға қатысты. Өздерінің алғаш бөліскен ойлары бойынша ойын өте керемет өтті. Осы интеллектуалды ойынымыз Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған. Сол бойынша көптеген тарихи сұрақтар, қызықты деректер, кино, музыка әлемі бойынша, жалпы 5 бағытта өтті. Алдағы уақытта спорттық жарыстарды өткіземіз деген жоспарымыз бар.