ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің жанынан биатлоннан тегін секциясы ашылды. Бұл спорт түріне жас спортшылардың қызығушылығы артып келеді.

РКС: Биатлон - мылтық ату мен тау шаңғысын біріктіретін қысқы спорт түрі. Бұл спорт түрі облыста жақсы дамып келеді. Секция жаттықтарушысы Дастан Дельдеш. Ол биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Сондай-ақ, әлем кубогі, Еуропа және әлем чемпионаттарына қатысушы.

СНХ: ДАСТАН ДЕЛЬДЕШ, БИАТЛОН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Қазір бізде биатлон секциясына екінші сыныптан бесінші сыныпқа дейін қабылдау жүріп жатыр. Жаттығуларымыз дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтеді. Бірінші ауысымдағы балалар үшін сағат 15.00-де, екінші ауысым үшін 9.00-де. Жаттығу барысында мылтықтан атамыз, роликпен жүреміз, жүгіреміз, түрлі ойындар ойнаймыз. Қыс мезгілінде шаңғы тебеміз, мылтықтан атамыз. Жаттығуларымыз "Динамо" шаңғы базасында тегін өтеді.

РКС: Секцияға 7 жастан 11 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бұл спорт түрімен айналысамын деушілер №2 облыстық олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер мектебіне жүгіну қажет.

СНХ: ДАНИЭЛЛА ХУСНУЛЛИНА, ОҚУШЫ: Биатлонмен шұғылданған қатты ұнайды. Жаттықтырушымыз жақсы. Мытықтан атуды үйреніп жатырмыз. Бұдан бөлек, өзімді жүгіру, футбол мен волейбол спорты қызықтырады.

РКС: Жарыстарда бақ сынау үшін 2 жылдық дайындық қажет. Қазіргі уақытта жаттықтырушының мақсаты жастарды биатлонның қыр-сырына үйретіп, балалар арасындағы "Grand Tour Biathlon" ҚР Кубогының турниріне бару.

САМАЛ ЫСҚАҚВОА, МАДИНА ӘБДІКӘРИМОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ