ДИКТОР: Құтқарушылар мен полицейлер, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер және еріктілер. Су тасқыны кезінде бәрі халық игілігі үшін аянбай тер төккен. Отан қорғаушылар мен жеңіс күндеріне орай Көкшетауда салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бауыржан Ғайса қиын кезде қол ұшын созған жандарға Алғыс хаттар табыстады.

РКС: Қала әкімі өз сөзінде бастысы – азаматтардың әл-ауқаты екенін атап өтті. Үйлесімді жұмыс пен кәсіби шеберліктің арқасында су тасқыны кезінде екі жүзге жуық үй қызыл судан аман қалды. Қазір бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекеттік қолдаудың нәтижесі - біржолғы төлемдер түгелдей төленді, он төрт отбасы баспаналы болды. Қалған отбасыларды үймен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылып жатыр. Тағы да айтамын, ешкім назардан тыс қалмайды.

РКС: Апаттың алдын алу мақсатында тұрғындар жұмыла жұмыс істеді. Бауыржан Ғайса азаматтық қорғау және құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігіне оң баға берді. Еріктілер мен кәсіпкерлер де Алғыс хатқа ие болды. Олардың атқарған жұмыстары жауапкершілік пен мейірімділіктің үлгісі.

ИНТЕРШУМ: МАРАПАТТАУ

СНХ: НҰРЖАН ДҮЙСЕНОВ, "QAZAQ UNION" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Қаламызда қиын сәтте бірігіп, бір кісідей тұрғындардың игілігі үшін атсалысқан кәсіпкерлер барына қуаныштымын. Атқарылған жұмысымызды жоғары бағалаған қала басшылығына, әкімшілікке алғыс айтамын. Әрқашан қол ұшымызды созуға дайынбыз. Ешқашан әлеуметтік көмектен бас тартпаймыз.

РКС: Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ: КОНЦЕРТТЕН ҮЗІНДІ

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ